«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстан облысында бахтах балығы өсірілетін болды

2015 жылғы 21 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
18263 просмотров

Жеке кәсіпкер Елена Трошихина «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы бойынша осы мақсатта 3 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

Елена Николаевна сиг және албырт тұқымдас балықтарды өсіру идеясын кәсіптік балық өсірумен көп жылдан бері айналысып жүрген ағасы Александр Уховтан алған еді. Болашақ кәсіпкер ханым мемлекеттік қолдау алу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мәмлүт ауданындағы филиалына жүгінеді. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанттары оған «БЖК-2020» аясында гранттық қаржыландыру бойынша байқауға өтінім беруге кеңес береді.

«Облысымыз үшін аталмыш қызмет түрі жаңа болып табылатындықтан, Елена Трошихинаның қажет құжаттарды даярлауына, ЖК ресімдеуіне көмектесіп, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқуға жібердік», - дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Нина Василенко.

Бір айта ктетіні, мұндай цехты құру өңірімізде балықтың бағалы тұқымын өсіруге ғана емес, осы өнімнің бағасын төмендетуге, сонымен қатар нарықты толықтыруға сеп болады, себебі бахтах облыс дүкендерінің сөрелерінде жылдың суық мезгілінде ғана пайда болады.

«Алдымен сиг тұқымдастарды (пелядь, чир, рикус) өсіру цехына күрделі жөндеу жүргізуді, «Вейса» инкубациялық аппараттарын сатып алып, монтаждауды жоспарлап отырмыз. Уылдырықты инкубациялау процесін келесі жылдың мамыр айында бастамақшымыз. Келесі кезеңде бізге бахтах өсіретін цехта күрделі жөндеу жүргізіп, оларды өсіретін 7 м3 көлеміндегі 14 ванна сатып алу және монтаждау, Канада мен Даниядан дернәсіл сатып алу қажет. Осыдан кейін тауарлық бахтахты өсіруге кірісеміз», - дейді жеке кәсіпкер Елена Трошихина.

Оның айтуынша, мақұлданған қаражат сиг тұқымдас балықты өсіретін цехқа арналған ғимаратты жөндеуге ғана жетеді. Жобаны бастан-аяқ жүзеге асыру үшін әлі де 20 млн теңгеге жуық ақша керек. Қажет қаражаттың бір бөлігін, нақтырақ айтқанда, 5 млн теңгені кәсіпкер ағасы Александар Уховты бизнесіне тарту арқылы түсіруді жоспарлап отыр.

Бизнес-вумен жабдықты сатып алу үшін «Қазагрофинанс» АҚ және «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер