«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәтті кәсіп: павлодарлық кәсіпкер ұлттық тағамдарды түрлендірді

2020 жылғы 04 Наурыз
- Павлодар облысы
7854 просмотров

Кейбір жандар бизнеске өзін іздеп келеді, басқалар сүйікті ермегін табысқа айналдырады, ал Айнұр Темірова өз балаларын дәмді әрі пайдалы тағамдармен қуанту үшін кәсіп бастаған

 «Идеяны жолдасым айтты. Үш ұлымы бар, бүр күні дастарханымызда тұрған дәмдерден үй тәттілерін неге пісірмеске деген ой келді. Бұл дәстүрлі ұлттық тағамдарымыз: қоспа, талқан, жент. Бір жылға жуық уақыт осы кәсіппен айналасып келемін. Бірде өзім дайындаған тәттілердің бір қорабын елордадағы туыстарыма беріп жібердім, олар тәнті болып, мұндай тәттілерді неге сатпайсың деп сұрады. Шынымен неге? Осылайша бизнес-идея туды», – деді кәсіпті қолға алған келіншек.

 Бұл жағдайда кәсіпкерлік дәнек құнарлы топыраққа түсті деп айтуға болады, өйткені Айнұр Темірова бизнес-жоспарын іске асыруға білек сыбана кірісті. Бірінші кезекте ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік қолдау шараларына қатысты кеңес алу үшін жүгінді, «Бизнес-Мектеп» бойынша оқып шықты, кейін менеджер-кеңесшілердің көмектесуімен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру байқауына арнап бизнес-жоспар дайындады.

 «Жобам арқылы грант ұтып алдым. Қазір менде өндірісте 3 адам еңбектеніп жатыр. Біртіңдеп ассортиментті арттырудамын, жаңа рецептілерді құрап жатырмын. Біздің ұлттық тағамдарымыз заманауи қалыпта түрленді. Барлық өнімге табиғи бельгиялық шоколод құйылады. Өнімдер қатарында: ақ және қара шоколадқа жағылған талқан, қоспа, жент, құрма, жаңғақ бар. Тұрақты клиенттер бар. Өнім сұранысқа ие. Маған турагенттіктердің бірі ұлттық тағамдардың дәмі ретінде қала қонақтарына арнап тәттілер дайындауды ұсынды. Айтпақшы, менің тәттілерімді адамдар шетелде тұратын жақындарына сыйлық ретінде жиі сатып алады», – деп бөлісті Айнұр Темірова.

 Өнімді шебер қаладағы екі дүкенде сатады, әрі тапсырысқа дайындайды.

 «Арманы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Маған кәсіп ашуға көмектескені үшін қуаныштымын. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге мүмкіндіктер көп. Жұмыс істегісі келетін адамға нақты қолдау бар. Келешекте  талай жоспарымды іске асырмақпын», – деді Айнұр Темірова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер