«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті дамытуға арналған грантты қалай алуға болады?

2019 жылғы 21 Ақпан
- Павлодар облысы
28426 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде грант байқауына қалай қатысуға болатыны жайында «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлікті қыржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова айтты

–Қалай қатысуға болады?

–Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттары экономиканың басым бағыттарында кәсіп бастаған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, мүгедектер, әйелдер және 50 жастан асқан тұлғаларға қайтарымсыз негізде беріледі.

–Қажетті құжаттарды жинауда Палата көмектесе ме?

–Грант алуға қатысуда «Бастау» жобасы немесе «Бизнес-мектепті» оқығаны туралы сертификаттың болуы маңызды. Оқу тегін. Сондықтан кәсіпкерден керегі – жақын арада болатын оқу курсына жазылу керек. Бұған қоса бизнес-жоспар керек. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері бизнес-жоспарды құруға көмектеседі.

Грантқа қатысуға қажетті құжаттар топтамасымен мына сайттардан танысуға болады: www.dkb2020.kz,  www.upt.pavlodar.gov.kz,  www.damu.kz, http://pavlodar.atameken.kz/ru/pages/447-ob-yavlenia

2018 жылы ӨКП менеджерлері-кеңес берушілерінің сүйемелдеуімен 8 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы  23 млн теңгеге грант алды. Қорғалған жобалар ішінде металл кесуге арналған 3D плазмерлер өндірісі, балаларды дамыту орталығы, бетон және темір бетон материалдары өндірісі, тұрмыстық және техногенді қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіру, қоян шаруашылығы, балларды дамыту алаңы, ауыл туризмі базасы, құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі бар.

 Әнел Жампейісова байқау құжаттамасын өткізу мерзімі биыл 13-29 наурыз аралығында жүретінін хабарлады. Сондықтан қатысуға ниетті кәсіпкерлер құжаттарды жинауды тездету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер