«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Петропавл бизнесмендері арбаға таңылған мүгедектің мәселесін шешті

2018 жылғы 28 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5094 просмотров

«Атамекенім» акциясының аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы екі кәсіпкер арбаға таңылған мүгедек тұратын көп қабаттың үйдің кіре берісіне  ашпалы пандус пен тұтқа салып берді

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына директордың мүгедек-кәсіпкерлер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сергей Сапко арқылы Шамиль Резванов көмекке жүгінген. Азамат пеодъезге кедергісіз түсіп-мінуге көмек сұраған. 2016 жылдың қазан айында Шамиль Багдаудинұлының жамбас сүйегі сынғандықтан шағын бизнесін тоқтатқан. Үйге қарама-қарсы жерде оның етік жөндеуге арналған шеберханасы бар, тұрғындар да жиі келіп, қызмет алып тұрады. Алайда жұмыс орнына өзгенің көмегінсіз жету қиын. Подъезде арнайы пандустың жоқтығы жағдайды қиындатып отыр.

Мәселені шешуді кәсіпкерлер қолға алды. «Арт Строй» ЖШС директоры Ильгам Валишин мен «Лира» ЖШС басшысы Андрей Радченко пандус пен тұтқаны дайындаса, «Лира» ЖШС толықтай орнатып берді.

«Пандус болмағанда пәтерден шығу қиын еді. Екі адам көмектесу керек еді, олар мені көтеріп, баспалдақтан түсіріп, шығару керек еді. Сондықтан соңғы екі жылда тек емханаға бару үшін үйден шығатынмын. Бүгінде менің өтінішіме құлақ түрген кәсіпкерлер екінші қабаттан басталатын пандус орнатып берді. Енді тек бір адам көмектессе болды. Өз кәсібімді жалғастырамын. Кәсіпкерлер палатасына, Ильгам Анварович пен Андрей Александровичке алғысым шексіз», – деді Шамиль Резванов.

Қазақстанда 2011 жылдан бастап «Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс қолданылады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған. Оны жүзеге асыруды Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы да қолға алды. Өткен жылдың соңында директордың мүгедек-кәсіпкерлердің мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымы ашылды. Оны жеке кәсіпкер, «Мы такие как все» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Сапко атқарып келеді.

«Өңірімізде түрлі топтағы мүгедектер, оның ішінде бизнеспен айналысатындары бар. Палатаның арқасында «Мы такие как все» қоғамдық бірлестігін құрдық, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың басы қосып отыр. Міндетіміз бір-бірімізге көмек беру. «Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік нысандарды теңдей пайдаланатындай жағдай жасауымыз қажет. Бұған кәсіпкерлер ғана емес, мемлекеттік органдарда мүдделі болуы тиіс. Дәріхана, дүкен, аурухана секілді орындарға жету үшін ең алдымен үйден шығу керек», – дейді директордың мүгедек-кәсіпкерлер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сергей Сапко.

Солтүстік Қазақстан облыс кәсіпкерлер палатасы директорының мүгедек-кәсіпкерлер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі бола отырып, материалды-техникалық көмек көрсетіп қана қоймай, тәжірибе беруде де қол ұшын созатын Өңірлік кеңеспен тығыс байланыста. Өңірлік кеңес мүшесінің бірі «Арт Строй» ЖШС директоры Ильгам Валишин.

«Кәсіпкерлер палатасынан үйде отырмай, жеке ісімен айналысқысы келетін мүгедек кәсіпкерге көмек көрсетуге өтініш білдірді. Мұндай бастаманы қуана қолдаймыз. Пандус, тұтқа секілді қажетті затты дайындағанда нарықтағы материалдар тым ауыр екен. Бір адамның көтеруі қиынға соғады. Сондықтан оны басқа материалдармен – алюмиий профильдермен алмастыруды шештік», – деп түсіндірді Ильгам Валишин.

Мұндай пандусты дайындау аса қымбат емес, кәсіпкерлер шамамен 30 мың теңге жұмсаған. Дегенмен бізде тұрғын үйлерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мұндай жағдай жасалмағанын ескерсек, мемлекет пен бизнес бірігіп, осы мәселені шешудің жаңа бастамасы қажет.

«Тұрақты негізде мемлекеттік тапсырыс болса, бағасына қарай тиімді материалдарды қолдана отырып, сапалы да ұзаққа шыдайтын пандус жасауға болады. Мұндай жағдайда өз тәжірибемізді жалғастыруға дайынбыз», – деді кәсіпкер.

«Атамекенім» акциясы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен еліміздің әр аймағында қолға алынған. Бұл әлеуметтік жауапкершілік мәселесінде бизнестің бастамасын қолдауға бағытталған. Қайырымдылық мақсаты – тиімді, тұрақты, кәсіби көмек беру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер