«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстан бренді: «Сергеевка сүт өнімдері»

2016 жылғы 29 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10641 просмотров

Кәсіпорын өнімдерін Қазақстандағы барлық дүкендердің сөрелерінен табуға болады 

«Біз «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысқан кезде бәсекелестер туралы көп жаңалық білдік, сондықтан біз нарықты үнемі қадағалауда ұстап, өнімдер таңдауын көбейтіп, олардың бағасын арзандаттық», – дейді «Сергеевка сүт өнімдері» зауытының директоры Самажан Рашитов.

«Сергеевка сүт өнімдері» ЖШС 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның ассортиментінде: «Крестьянское» майы, майлылығы 72%-ға тең тәтті кремді майлар, майсыз ірімшіктер, құрғақ сүт бар. Былтыр «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын 163 млн теңге көлемінде несие алған. Бұл қаржыға зауыт жаңа тоңазытқыштар алды, сүт құятын вакуумды қаптама құрылғысын, қаймақ айыратын сепаратор, пастеризатор, пластинкалы суықтатқыштар, жоғары майлы сепараторлар сатып алды.  Дайын өнімді сақтау үшін 3 тоңазытқыш камерасы алынды. Олардың жалпы көлемі 140 тоннаға жетеді. Шикізат, яғни сүтті, зауыт жергілікті тұрғындардан алады. Алдағы уақытта ауылшаруашылық өндірушілерінің кооперативінен алмақ. Ол үшін тиісті меморандумға қол қойылуын күтіп отыр екен. Бұл келісім кәсіпорынға өнімін көбейтуге мүмкіндік тудырмақ.

«Кәсіпорынды алғаш ашқан кезде бар-жоғы 27 жұмысшымыз болған еді. Бүгінгі таңда 48 адам жұмыс істеп жүр. Мамандар үнемі біліктілігін көтеріп отырады. Әр түрлі курстар мен семинарларға барады. Өйткені, білім –  өнімнің сапасын лайықты деңгейде ұстап тұратын бірден-бір қазына. Сапаға өте мұқиятпыз. Былтыр біз өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне «Үздік азық-түлік өнімі» аталымы бойынша қатыстық».

«Сергеевка сүт өнімдері» өнімдерін бүкіл Қазақстанның дүкендерінен табуға болады. Оның сауда нүктелері СҚО-да ғана емес, Көкшетау, Қарағанды, Астана қалаларында да бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер