«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Беларусь іскерлік байланыстарды нығайтуда: Астанада бизнес-кездесу өтті

2025 жылғы 17 Сәуір
2906 просмотров

17 сәуірде – ҚР «Атамекен» ҰКП алаңында Беларусь Республикасының Гомель облысы мен Қазақстан Республикасы іскерлік топтарының бизнес-кездесуі өтті. Аталмыш кездесуді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

Кездесу екі елдің кәсіпкерлері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Ербол Есенеев, Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының «Гомель бөлімшесі» қызмет көрсету унитарлық кәсіпорнының сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі бас директорының орынбасары Борис Гущин, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Аппарат басшысы – Басқарма мүшесі Асан Жәкішев, сондай-ақ, іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты.

Басқосуда Ербол Есенеев екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

«Біз әріптестікке ашықпыз және Қазақстанда беларусь бизнесінің дамуына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты жолға қойылған, Орталық Азия нарығына экспорт көлемі де қарқынды өсуде, алайда біз жеткен жетістіктерімізбен тоқтатаймыз», - деді Ербол Есенеев.  

Өз кезегінде Борис Гущин екі ел арасындағы берік достық қарым-қатынасты және ынтымақтастықтың одан әрі даму перспективаларын атап өтті:

«Гомель облысы – Беларусь Республикасындағы ең өнеркәсіптік дамыған өңір. Біз түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерді көріп отырмыз және бүгінгі кездесу біздің экономикалық қатынастарымызды дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдіміз», - деді ол.

Іс-шара аясында бірқатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде «Гомель бөлімшесі» Унитарлық кәсіпорны мен Астана қаласының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды белсенді қолдауды жалғастыруда. Палата шағын және орта бизнесті қолдауға, бизнес-миссиялар, форумдар мен көрмелер ұйымдастыру арқылы жаңа іскерлік байланыстар орнатуға ерекше назар аударады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер