«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» көрме-байқауына қатысуға өтінім қабылдау жүруде

2025 жылғы 17 Сәуір
- Қызылорда облысы
1063 просмотров

Қызылорда облысында «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме-байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау жүруде. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы.

Бұл іс-шара отандық өндірісті дамытуға, өнім сапасын арттыруға және қазақстандық өндірушілердің нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған.

Байқаудың мақсаттары мен артықшылықтары:

Отандық тауар өндірушілерді қолдау;

Өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Үздік қазақстандық тауарларды ішкі және сыртқы нарықта ілгерілету.

Байқауға қатысу – тегін.

 Байқау номинациялары:

-Үздік азық-түлік тауарлары – тамақ өнімдері, сусындар, ауыл шаруашылығы өнімдері;

-Халыққа арналған үздік тауарлар – киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, жиһаз, тұрмыстық заттар;

-Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар – жабдықтар, құрылыс материалдары, шикізат және құрамдас бөліктер.

Қатысу шарттары:

Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндіру және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (қару-жарақ пен әскери техника өндірушілерден басқа) қатыса алады.

Өтінім беру

Байқауға қатысу және қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 747 282 56 88 (Асылхан)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер