Ұлытау облысында бизнес, кәсіпкерлер Палатасы және оқу орындары тығыз байланыста жұмыс істейді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрініс тапқан «Жұмысшы мамандықтары жылы» басымдығын іске асыру аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы аймақтағы көптеген кәсіпорын бетпе-бет келетін көкейтесті мәселе мамандықтардың тапшылығын шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Кәсіпкерлер палатасы колледждер мен кәсіпорындарға кәсіптік білім берудің өзекті мәселелерін және кадр тапшылығын бірлесіп шешуге көмектеседі.
Кәсіпкерлер палатасында салалық кеңестердің жиынында білікті кадрлардың жетіспеушілігіне қатысты мәселелер бірнеше рет көтерілді. Палатаның қолдауының арқасында жұмыс берушілер өз қажеттіліктеріне сәйкес келетін кадрларды іріктеу мүмкіндігіне ие болды, ал колледж түлектері жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Бұл екі тарап үшін де өзара тиімді жағдай жасайды.
Оқу процесіне көмектесетін тиімді құралдардың бірі – тәлімгерлік жүйесі. «Технология және сервис» колледжі «Жезқазған АТП» ЖШС-мен бірлесіп, бұл жүйе бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кәсіпорын базасында колледж студенттері дуальды оқыту аясында тәжірибелік сабақтардан өтеді.
«Бұл ынтымақтастық студенттерге табысты мансап үшін қажетті дағдылар мен тәжірибені беру арқылы аймақтағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған», - деп атап өтті Жезқазған АТП директоры Абзалбек Мулақов.
«Кәсіпкерлік және кәсіптік колледждер арасындағы серіктестік жұмысшы мамандықтар бойынша кадр тапшылығын сәтті жоюға және Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға көмектеседі», - дейді студент тәлімгер Нұржан Ілиясов.
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы жұмысшы мамандықтарын дамытуға және жастарды қолдауға бағытталған жұмысын жалғастыруда. Бұл шаралардың барлығы Елбасы Жолдауының жүзеге асуына, өңіріміздің экономикасының өсуіне және өркендеуіне ықпал етуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: