«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО-да кәсіпкерлер палатасының Өнірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттардан өтінімдер қабылдау басталды

2024 жылғы 10 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
1656 просмотров

2025 жылғы 20-22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне делегаттарды (мүшелерді) сайлау өтеді.

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 10-24 желтоқсанды қоса алғанда жүзеге асырылады. Құжаттарды офлайн режимінде мына мекен-жай бойынша тапсыруға болады: Петропавл қ., к. Сутюшев көшесі, 60 А "Квартал" БО, 4 қабат СҚО Кәсіпкерлер Палатасы.

Кандидаттар салалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатарынан, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен қауымдастықтардың алқалы органының бірінші басшылары не мүшелері қатарынан сайланатын болады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне Кандидат мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • СҚО Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың салалық немесе аудандық кеңесінің мүшесі не атқарушы органының мүшесі болу;
  • соңғы 3 айда салық берешегі жоқ;
  •  заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.

Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2024 жылғы 10-24 желтоқсан аралығында, дауыс беру 2025 жылғы 20-22 қаңтар аралығында өтеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін 1432 колл-орталығына немесе 8 (7152) 50-35-86 Лосинская Екатерина Геннадьевнаға хабарласуға болады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер