«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық кодексі тағы бір пысықталады

2024 жылғы 02 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4659 просмотров

Дереккөз: inbusiness.kz

Бүгінде бүкіл жұртшылық пен халықтың назары Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына аударылды. Мемлекет басшысы бірінші басымдық ретінде салық төлеушілерге деген сенім негізінде түбегейлі жаңа салық әкімшілігін құруды айқындады.

Жаңа салық кодексінің жобасы төңірегінде қызу талқылау көп болды. Заң жобасы әсіресе бизнес саласында кеңінен қаралды. Кездесулер, сұхбаттар, конференциялар көп болды. Түрлі пікір де көп айтылды. Бірақ кәсіпкерлердің басым көпшілігі заңның қабылдануына уақыт бөлуді және азаматтарға өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік беруді сұрады. Олардың үндеулері тыңдалды. Жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент салық төлеушілерге деген сенім негізінде түбегейлі жаңа салықтық әкімшілендіруді құруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

«Кодексті жеңілдету, оның ережелерін барлық экономикалық белсенді азаматтар үшін түсінікті ету, нормаларды әр түрлі түсіндіру мүмкіндігін болдырмау өте маңызды. Кәсіпкерлер үшін қолданыстағы қолайлы жағдайларды нашарлатпай, салық режимдерін оңтайландыру қажет», - деді Президент.

«Шағын және орта бизнесті қорғау жөніндегі тәуелсіз кәсіподақ» қоғамдық бірлестігі өз қатарында 100 мыңға жуық адамды біріктіреді, олардың бизнесі Алматы базарларында түрлі тауарлар сатуда негізделген. Біз тиімді салық жүйесін құру – елдің орнықты экономикалық дамуына жасалған маңызды қадам екенін түсінеміз. Бірақ барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде бизнес-қоғамдастықтың, сарапшылар мен азаматтардың пікірлерін ескеру қажет, деп санайды ҚБ төрайымы Елена Мотькина.

«Шағын және орта бизнес Президентке жаңа салық кодексінің қабылдануын келесі жылға қалдырғаны үшін үлкен алғысын білдіреді. Әсіресе, шағын бизнес жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейді. Жаңа кодекстің редакциясында оның күшін жою көзделген еді. Республика бойынша сауда-саттықта жүрген шамамен 2,5 миллион адам жеңілдетілген режимде жұмыс істейді. Бөлшек салық 2022 жылы енгізілді. Ол да керемет жұмыс істейді. Сондықтан біз бәріміз Салық кодексінің үйреншікті қарапайым нормаларының сақталуын қалаймыз. Егер кодексті бекіту мерзімі 2025 жылға ауыстырылған болса, онда кәсіпкерлердің өз ұсыныстарын енгізуге уақыты мен мүмкіндігі бар: қандай нормаларды қалдыру керек, қайсысын өзгерту, немесе қайта қарап, жетілдіру керектігіне. Кодексті бекітуді келесі жылға қалдыру - нормаларын тереңірек талдауға және неғұрлым теңдестірілген және әділ салық жүйесін құруға ықпал ететін ескертулерді ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа нормаларға кең қолдау мен сенімділікті қамтамасыз ету үшін бұл процестің қоғамдық және ашық болуы маңызды. Біз азаматтар, кәсіпкерлер, экономикалық процеске қатысушылар ретінде ұсынылған өзгерістер барлық салық төлеушілердің мүдделерін іс жүзінде көрсететініне көз жеткізуге тырысамыз», - дейді Елена Аркадьевна.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер