«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Райымбек Баталов СҚО кәсіпкерлерімен кездеседі

2023 жылғы 24 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7941 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов 25 шілдеде  Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді.

«Атамекен» басшысы Қызылжар ауданындағы сүт-тауар фермалары – «Қызылжар Сүт» ЖШС және «Зенченко и К» ЖШС, өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ облыс орталығының сауда желілерінің қызметімен танысады.

Өңірлік бизнес өкілдерімен кездесулер барысында «Атамекен» ҰКП  Төралқа төрағасы Ресеймен шекара маңы саудасының проблемаларын тақылайды. Сонымен қатар көрші елдің жергілікті ауыл шаруашылығы өңдеуін дамытуға әсері, отандық азық-түлік өнеркәсібін қолдау шаралары: жергілікті өнімдер мен тауарларды супермаркеттер сөрелеріне қалай түсіру керегі талқыланады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Айдарбек Сапаров және жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен қорытынды кездесу өтеді. Онда бизнес өкілдеріне елімізде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға қатысты «Атамекен» ҰКП-ның жаңа тәсілдері таныстырылады.

Сондай-ақ кездесу барысында Райымбек Баталов кәсіпкерлерге ҚР Үкіметімен бірлесіп іске асырылатын инвестициялық жобалар, соның ішінде өңірлерде жобалардың іске асырылуын мониторингілеу жүйесін жетілдіруге көмектесетін портал әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер