«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Бекеев СҚО кәсіпкерлер палатасына басшы болды

2022 жылғы 31 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
11632 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып Тимур Бекеев тағайындалды.

Бекеев Тимур Берікұлы 1987 жылы 30 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2005 жылы Банк ісі академиясын «Қаржы және құқық» мамандығы бойынша, 2008 жылы әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. Қаржы және тәуекелдерді басқару саласындағы ғылым магистрі (Уэльс университетінің магистратурасы, 2011-2012жж.) және «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2018-2020 жж.) жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы «Альянс Банк» АҚФ клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі бас менеджер лауазымынан бастады, онда ол есеп айырысу-кассалық бөлімшенің бастығына дейін өсті.

Тимур Бекеевтің қызметтік тізімінде мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек саудада сатуға маманданған компанияларда жұмыс тәжірибесі де бар. Онда Тимур Берікұлы басшылық қызметтерді атқарды. Осылайша, 2008 жылы «Мұнай Транссервис» ЖШС директорының орынбасары, содан кейін 2013 жылы «Транссервис Миллениум» ЖШС техникалық директоры болып жұмыс істеді. Ал 2014-2022 жылдары «Progress Operating» ЖШС басқарды.

 2022 жылдың маусымынан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымында жұмыс істеді, онда Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы аппаратының басшысы лауазымында еңбек етті.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Бекеев «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаментін басқарған Әлібек Ашметовтың орнына келді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер