«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО-да электроқшаулағыш материалдарды өндіруші кәсіпорын «Іскер» сыйлығының лауреаты атанды

2020 жылғы 11 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7697 просмотров

«Изолит» ЖШС жыл сайын ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау салтанаты аясында берілетін «Іскер» сыйлығын иеленді

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен өтті. 

Бұл марапат кәсіпорынның алғашқы жетістігі емес. Былтыр серіктестік «Парыз» республикалық байқауының «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталамында жеңіске жетті. Кәсіпорында шығарылатын өнімнің сапасына, еңбек заңнамасы нормаларын ұстануға ғана емес, сонымен қатар экологияға да баса назар аударылады. Бұл жерде қалдықсыз өндіріс жолға қойылған.

 Кәсіпорын тарихы 1941 жылдан бастау алады, ол уақытта мәскеулік зауыттардың бөліктері Петропавлға көшірілген, кейін өндіріс М.И.Калинин атындағы зауыт болып өзгерді. Зауыт Кеңес одағы ауқымында ірі оқшалағыш өнімдерді шығаратын өндірістердің бірі болды. 1992 жылдың қаңтарында осы зауыттың №1 цехы негізінде «Изолит» ЖШС құрылды. Компания жыл сайын 400 млн теңге сомасында 20 түрлі электроқшаулағыш материалын шығарады. Кәсіпорында 100-ден астам адам еңбек етеді.

 Дайын өнім Қазақстан қалаларына, сонымен қатар Беларусь, Укранина және Ресейге экспортталады.

 «Александр Владимировичті және «Изолит» ЖШС бүкіл ұжымын марапатпен құттықтаймын! Біз шығарып жатқан өнім екі жыл қатарынан лайықты деңгейді бағаланып жатқанын мақтан тұтамыз. Былтыр «Парыз» байқауында жеңіске жетсек, биыл «Іскер» сыйлығын иелендік. Осы табыстың негізінде кәсіпорынға шаруашылығын мінсіз жүргізу, нәтижеге жұмыс істеу, адамдар мен жкологияға қамқорлық таныту және нарық талабына бейімделу жатыр», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер