«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО кәсіпкерлерінен 100-ден астам өтінім қабылданды

2020 жылғы 18 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7291 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай уақытында бизнестен өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Қашықтықтан жұмыс істеу режиміне қарамастан солтүстік қазақстандықтардың 100-ден астам мәселесі тіркелді

16 наурыздан бастап СҚО Кәсіпкерлер палатасы қашықтықтан жұмыс істеу режиімен ауысты. Бірақ кәчіпкерлермен тығыз қарым-қатынас бұрынғы тәртіпте жүргізілуде. Кеңседе палата сарапшылары кезекшілік атқарып жатыр, кәсіпкерлер Atameken services порталында онлайн өтінім жасап, колл-орталық арқылы өтінім бере алады. Ыңғайлы болуы үшін қосымша байланыс нөмірлері берілген. Осы ретте өңірлік палатаға консультация алу үшін өтінім берген қарасы қалың.

 «12 наурыздан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП қазақстандық бизнеске төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалады азайту мақсатында жедел штаб құрды. Бұл штаб төтенше жағдай енгізілуі, ақша курсының өзгеруі, коронавирустан себепті бизнеске мүмкін болатын кері әсерді бағалауға байланысты құрылды. Алғашқы үш күнде өңірлік палатаға 100-ден астам бизнесмен хабарласты. Алғашқы сағаттарда мәселелер Ресей Федерациясы шекарасын жүк көлігімен өтуге байланысты болды», – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барсында ӨКП директоры Дархан Қалиев.  

 Бқл мәселе реттеліп, бақылау-өткізу пункттері арқылы әлеуметтік қажет жүктердің кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді. Тағы 40-тан астам кәчіпкер форс-мадорлық ситуацияда қалғандарын айтты.

 «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған соң түрлі келісімшарттар бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындамауға, келісімшарттардың бұзылуына, санкцияларға, шығындарға, сот процестеріне әкелгені түсінікті. Төтенше жағдай кезеңінде Ұлттық палатаның еншілес ұйымы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы форс-мажорлық ситуацияны растайтын сертификаттарды беруді іске асыруда. Ұйым Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан, облыста өтінімдерді өңірлік кәсіпкерлік палатасы қабылдайды», – деді Дархан Қалиев.

Брифинг барысында ӨКП директоры «Атамекен» ҰКП-ның Үкімктке ұсынған шұғыл шаралары туралы айтып өтті.

 «Атамекеннің» несиелеу мөлшерлемесін 6 пайыз деңгейде қалдыру бойынша ұсынысы қолдау тапты. Бұл өте маңызды, өйткені Ұлттық банк базалық ставканы 12%-ға дейін өсіру туралы шешім қабылдады. Ал заңды тұлғаларға түпкі мөлшерлеме 17 пайызды құрайтын болады. Бұдан бөлек «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді қолдауға қарай басымдықтарды қайта қарау ұсынылды. Қазір кәчіпорындарға қаражат айналаымын толықтыру несие беру мүмкіндігі қаралуда. Сонымен қатар салалық шектеулерді алып тастау ұсынылды», – деді Дархан Қалиев.

   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер