«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО-да шұлық-ілмек тоқу фабрикасы «аға сеньорды» шақырды

2019 жылғы 04 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
11752 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысына «Аға сеньор» бағдарламасымен кезекті сарапшы келді. Шұлық-ілмек жабдығының ң механик-реттеушісі жергілікті «МАТЕХ» фабрикасында жұмыс істеп жатыр

  «МАТЕХ» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысында былтыр құрылған. Бүгінде фабрика өнімдері өңірде ғана емес Қазақстанның басқа қалалары мен Ресейдің көршілес аудандарында сатылуда. Сонымен қатар осы уақыт аралығында кәсіпорын түрлі қиындықтарға тап болған. Бүгінде фабрика индустриялық сертификатты алды, енді түрлі байқауларда оның артықшылығы бар. Осылайша соңғы айларда өнімді өткізу аумағы кеңейген.

«Қазіргі таңда өнімнің сапасы мен бағасы бойынша біз қытай, түркиялық және кореялық өнімдермен бәсекеле аламыз. Бірақ әзірге бізді нарықта біле бермейді, сондықтан осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Өндіріс көлемі тәулігіне орта есеппен 3500-4000 жұп нәскиді құрайды. Облыс бойынша өніміміз дистрибьютормен барлық сауда үйлерінде зауыттың бағасымен сатылады. Фабрика өндіретін нәски-шұлықтар Нұр-Сұлтан қаласында сатылады. Қостанайлық кәсіпкерлермен байланыс орнатылуда, сонымен қатар алғашқы эеткізілімді Ақтөбе қаласына жүзеге асырдық. Көрші елге нәскилеріміз бен шұлықтарымызды кәсіпкерлер өздері алып кетеді», – дейді «МАТЕХ» ЖШС директоры Арамаис Тер-Аствацатурян.

 Қазіргі таңда цехте Еуропадан әкелінген жабдық 90%-ға іске қосылған. Әр білдектің үздіксіз жұмыс істеуін шебер-реттеуші бақылайды. Жоғары білікті маманның қызметі әсіресе жазғы өнімнен қысқы өнімді шығаруға ауысу кезінде маңызды.

 «Біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына  маңызды науқан басында кәсіпорнымызға Ресейден сарапшыны шақырғандары үшін алғыс білдіреміз. Сарапшы қысқы өндіріске ауысу кезінде реттеуші мамандарымыздың біліктілігін арттырды. Өйткені түкті нәски тігу технологиясы күрделі. «Аға сеньорлар» бағдарламасы – кәсіпкерлердің барлығына пайдасы бар бағдарлама, осылайша шетелдік білікті маманды шақырып, бизнесті жақсартуға болады», – деді фабрика директоры.

 Арамаис Тер-Аствацатурянның кәсіпорнымен Ресейден келген сарапшы бұрыннан таныс. Алексей Варочкин фабрикаға үшінші рет келіп отыр. Осы жолы білікті маманның қызметі компания үшін тегін – сарапшы «Аға сеньор» бағдарламасы арқылы шақырылған.

«Бұл салада 15 жылдай уақыт жұмыс істеп жатырмын. Білікті мамандардың тапшылығы көптеген кәсіпорындардың проблемасы. Оларды оқыту керек, үйрету керек.   Аталған кәсіпорында техникалық тұрғыда бірақ олқылықтары барын байқап отырмын. Осы жолғы міндетім – технологиялық тізбекті жолға қойып, персоналды оқыту», – деді  Алексей Варочкин.

Маман солтүстікқазақстандық кәсіпорынмен байланысты жалғастырмақ.

 «Жыл басынан СҚО-ға «Аға сеньорлар» бағдарламасымен 3 маман келді – екеуі Ресей Федерациясынан, бірі – Канададан. Шығындардың бір бөлігін – қонақтың ұшып келу-кетуі, оның қызметі мен сақтандыруды Палата көтереді. Ал сарапшының тұруын кәсіпкер өзі қамтамасыз етеді. «Аға сеньорлар» жобасы кәсіпкерлер үшін ыңғайлы, өйткені білікті мамандар кәсіпорынға келіп, өндірісті үдересін жолға қояды, жұмысты жақсартады, жаңа өнім түрін шығарады», – дежі СҚО ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Рахымбек Зейнуллин.

Естеріңізге алайық, 2015 жылдан бері облыста 16 «аға сеньор» болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер