«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада үздік тауарөндірушілер анықталды

2019 жылғы 13 Шілде
- Қызылорда облысы
12312 просмотров

Бүгін Қызылордада облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары - 2019» өңірлік көрме-байқауы өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, қаржы институттарының өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері, сондай-ақ облыс тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, ел нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлердің отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыруға бағытталған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006 жылдан бастап өңірлік және республикалық деңгейді өткізіліп келеді.

Ал 2015 жылдан бастап көрме-байқаудың негізгі ұйымдастырушысы болып «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленді.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш номинация бойынша жүргізіледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2) «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;

3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Ерекше тоқталатын жайт, көрме-байқауға қатысушылардың қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2016 жылы 17, 2017 жылы 22, 2018 жылы 33 кәсіпкер байқауға қатысқан болса, биылғы жылы өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 50 тауарөндіруші қатысуда. Байқауға қатысушыларды бағалау жұмыстарын құрамында бизнес, мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын сарапшылар жүргізді.

Нәтижесімен 3 номинация бойынша 9 жеңімпаз анықталды. Өткен жылдан бастап жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу (І, ІІ, ІІІ орын деп) де алынып тасталды.

«Қазақстанның үздік тауары - 2019» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары:

- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «МӘДИ ҚАЖЫ» ЖШС, «Қазақстандық Мұнай-Химиялық Кемикал Компаниясы» ЖШС, «ШИЕЛІ ТАС» ЖШС;

- «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша ЖК «ШАК-ДИ», «Ас-Ка» ЖШС, ЖК «БИЛЬСАРИЕВА  ГҮЛЗАТ»;

-  «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «БРАУНИС-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, «Абай-Дәулет» ЖШС, ЖК «Әбділда».

Мұнан өзге, «Қазақстанның үздік тауары - 2019» өңірлік көрме-байқауы шарасы аясында байқауға қатысушылардан өзге аймақтың 20 тауарөндірушісі өнімдерін халыққа ұсынды.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар Шиелі, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласының тігінші-кәсіпкерлері: Тоғжан Мұсаева, Сәуле Кенжеева, Гүлзат Бильсариева, Динара Шакирова, «Жанзере» ЖШС, «АС-КА» ЖШС-і тіккен ұлттық, заманауы және арнаулы жұмысшы киімдерінің көрсетілімін тамашалады.

Шара соңында, «Қазақстанның үздік таураы - 2019» облыстық көрме-байқауына өнімдерін әкеліп, белсенді қатысқан кәсіпкерлерді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов алғыс хаттармен марапаттады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер