«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастаудың» төрт түлегі Іскер әйелдер кеңесі құрамына кірді

2019 жылғы 01 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8568 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті

Белсенді бизнес ханымдар өз қатарларына жаңа мүшелерді қабылдап, алдағы атқарылар жұмысты тиянақтады. Биыл әйелдер аудандарға ерекше назар аударып, елдімекендердегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, әйел кәсіпкерлер, жастармен кездесулер өткізіп, «Atameken Services» мүмкіндіктерін айтып, бизнес-тренингтерді жүргізбек.

Іскер әйелдер кеңесінің бірінші жиынына табысты жұмыс істеп тұрған әйелдер кәсіпкерлермен қоса, кәсібін енді бастаған қыз-келіншектер де қатысты. Жас кәсіпкерлер арасында Айгерім Қазымбетова бар, ол Палата жұмысымен бұрыннан таныс.

«Бизнеспен айналысамын деп шешкенімде кеңес алатын, ақылдасатын ешкім болған жоқ. Сондықтан «Бизнес-Кеңесші» курсына, ары қарай «Бастау» жобасы және «Іскерлік байланыс» курсына жазылдым. Қазіргі таңда үш жұмыс істеп тұрған бизнесім бар. Бір жоба Бурабайда және екеуін Ақжар ауданы Талшық ауылында дамытып жатырмын», – деді  Айгерім Қазымбетова.

 Сәуле Жантілесова – «Бастау» жобасынң тағы бір түлегі. Былтыр сәуір айында ол бизнес негіздерін оқып, өзін «Zhas project» жобасында ментор ретінде сынап көрді. Бүгін СҚО Іскер әйелдер кеңесі құрамына 9 бизнес ханымды қабылдап жатыр. Жуық арада олар топтармен жұмыс істеп, тәжірибелерімен бөліседі, сонымен қатар жаңа білім алады. Жоба 7 бағытты – жастар, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала, қолдау бағдарламасы, тәлімгерлік және тауар мен қызметті өткізуді қамтиды. Таныстырудан кейін іскер әйелдер жұмысқа кірісті – кеңес бойынша жауапкершілікті бөліп, келер жылда атқарылар жұмысты талқылады. Басымдықта – ауылды жерде белсенді жұмыс атқару.

«Биыл ауылды жерлерде көшпелі кездесулер өткізіп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, әйел кәсіпкерлермен сұхбаттасып, шеберлік сабақтары мен бизнес-тренингтерді өткізбекпіз. Кәсіпкерлер палатасында қолдаудың нақты механимздері бар, бұл механимздер мыңдаған қазақстандыққа жеке кәсіп ашуға, қолданыстағы бизнесті жаңғыртуға мүмкіндік берді.  Барлық көрсетілетін қызмет – тегін. Мәселен, «Atameken Services» порталындағы соңғы қызметтердің бірі «Несие агрегаторы» – уақыт пен қаражатты үнемдейтін тамаша қосымша. Үйден шықпай-ақ, қаржы институттарына өтінім жіберуге болады», – деп атап өтті Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләйля Сайдашева.

 Жаңартылған «Atameken Services» порталы және «Несие агрегаторы» сервисі іскер әйелдер арасында қызу талқыланды. Көп келіншек жаңа қосымшаға тіркеліп үлгерген, тегін онлайн қызметтерді пайдалануда. Бизнес ханымдар осындай заманауи құралдармен және Кеңес пен Палата тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау арқылы өңірлік бизнеске жағдай жасалып жатқанын айтты.                                                 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер