«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

 «Чек талап етіп, жүлде ұт!»: жеңімпаздар сыйлық алды

2018 жылғы 13 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10255 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, 2018 жылдың алғашқы «Чек талап етіп, жұлде ұт» акциясының мамыр-маусым айларындағы ұтыс ойынын өткізді

Акцияның аралық қорытындысын ай сайын шығару жоспарланған. Сонымен қатар бас жүлде – автокөлік өзгеріссіз қалады.

Акцияның мақсаты – азаматтардың  тауар, жұмыс және қызметті тұтынушы ретіндегі өз мүддесін қорғау мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру.

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары танымал акцияға қатысу үшін 12 695 чек өткізген, ал ұтыс ойынына қатысуға 11 746 чекке рұқсат етілді.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілі Лина Ермолаеваның қатысуымен компьютерлік бағдарлама сандар генераторы арқылы 3 жеңімпазды анықтады: Петропавл қаласының тұрғындары – Анна Фомина, Александр Санников және Виолетта Симонайтите.

Акция жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді: «Қысқа толқынды пеш Ava AVM-20W», батырмалы блендер «Scarlett SC-HB42F24» және  тоқшәйнек «Skarlett SС-ЕК 18Р33».

Акция және оның аралық қорытындысын өткізу туралы ақпаратын Кәсіпкерлер палатасы да және аудандық филиалдары да, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары да кеңінен хабарлап келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер