«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстікте жергілікті қамту үлесін бақылау күшейеді

2018 жылғы 27 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9414 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұсынысын қолдады

Сатып алулар саласында жергілікті қамту үлесін мониторингілеу бойынша комиссияның отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында Кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы тендер алды және пост-тендерік бақылау бойынша жұмыс тобының қорытындысына қатысты ақпарат тыңдалды.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Талғат Қалиақбаров берген ақпаратқа сүйенсек, сатып алулар арқылы бөлінетін қаражаттың 50%-дан астамы құрылысқа бағытталған, ондағы негізгі тапсырыс берушілер ­– Патропавл қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы.

«Биыл біз құрылысы жүріп жатқан 31 нысаннан «К» 23 қосымшасын алдық. Оның барлығын құрылыс материалдарын өндірушілерге зерделеу үшін жолдадық, себебі өндірушілер өз өнімін қандай көлемде, кімге және қашан сата алатынын білулері қажет. Енді әрбір құрылыс нысаны бойынша жұмыс тобының отырысын өткіземіз», - деп атап өтті Талғат Қалиақбаров.

Мұнымен қоса ол құрылысты жүзеге асырудың келесі кезеңдерінде бақылау жқтығы және тапсырыс берушілер тарапынан бақылаудың болмауы байқауды ұтып алған мердігерлерге өз еріктеріне қарай жобаға өзгерту енгізуге, отандық тауарды импорттық тауарға алмастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Тағы бір мәселе Қазақстанда өндірілетін материалдар туралы толық ақпараттың жоқтығынан туындайды, жобалық институттар көп ретте өздерінің жобалық шешімдеріне шетелдік танымал технологиялары мен материалдарын салады. Ал жоба бекітілгенде қандай да бір өзгеріс енгізу кеш. Сондықтан МемСараптамада жобаның дайындалуы мен бекітілуі кезінде жергілікті үлесті бақылау керек. Пост-тендерлік бақылау отандық тауардағы сұранысты анықтауға және мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық компанияларды тапсырыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп жалғастырды бөлім басшысы.

Палата өкілі тапсырыс берушілер мен мердігерлердің өндірушілермен болған бірқатар мәселені баяндады. Құрылысқа тендер жүргізу алдында жобалық-сметалық құжатқа түзету енгізілмеуі, мердігерлердің сатып алу бойынша тауарлар туралы ай сайынғы есептің бермеуі, тапсырыс берушілердің жобалауда да, құрылыс барысында да жергілікті құрылыс материалдарының пайдалануына бақылау және мониторинг жүргізуге құлықсыздығын атауға болады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде Өңірлік палата облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы, құрылыс басқармасы және құрылыс бөлімімен бірлесіп техникалық қадағалау жүргізушілермен түсіндіру-профилактикалық жұмысын жүргізуді ұсынды. Жүргізілетін жұмыс қана емес, құрылыста, қайта жөндеу мен кешенді жөндеуде отандық өнім материалдарын қолдануға бақылау жүргізіледі.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбеков құрылыс басқармасына тендер өткізу алдында құрылыс материалдарына берілген баға бойынша жобалық-сметалық құжатты түзету, техникалық қадағалау арқылы нысан құрылысында жергілікті қамту үлесін бақылауға қатысты Палатаның ұсынысын қарастыруды тапсырды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер