«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстікте жоғары білім алуға ынталылардың қатары артып келеді

2018 жылғы 14 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9050 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы 9, 11 сынып оқушылары арасында жүргізген сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсетті

Бұл сауалнаманы өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдан бері 5-рет өткізіп отыр. Әлеуметтік сауалнаманың мақсаты – оқушылардың мамандық, кәсіби және техникалық, жоғары білім беру мекемелерін таңдаудағы қалауларын анықтау.

«Психологтар қажетті білім алып, өзі қалаған жұмыс орнын таңдап, өз саласын білгенде ғана адам ел экономикасына жұмыскер ретінде көбірек пайда әкелетінін дәлелдеді. Оның үстіне кәсіби маман ретінде де өседі. Тиісінше, егер мамандық қате таңдалса, жұмысшы өз уақыты мен қуатын, сондай-ақ мемлекеттің ресурсын босқа сарп еткен болады. Сондықтан адами капиталды дамыту мәселесі, оның ішінде кәсіби бағдарды арттыру Кәсіпкерлер палатасының қызметінде зор мәнге ие», ­- дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ирина Тропова.

2014 жылы жүргізілген сауалнамаға Солтүстік Қазақстандағы жоғары сыныптың 5064 оқушысы қатысқан, ал 2015 жылы – 61449, 2016 жылы – 5482. Былтыр сауалнамаға қатысқан оқушылардың саны 4355 болса, биыл 6078 оқушы жауап берді.

«Егер бұрынғы сауланама қорытындысымен салыстырар болсақ, жыл өткен сайын біздің облысымызда колледжге түсуге ынталылардың қатары төмендеп отыр. Егер 2014 жылы сауалнамаға қатысқандардың 76% колледжге түсуді таңдаса, 2015 жылы 25%-да дейін азайған, 2016 жылы тағы 1% кеміді, яғни 24% болған. Былтыр 27% колледжге түсуге ниет білдірсе, биылғы сауалнамада 23,79%-ды көрсетті», - деп хабарлады Ирина Тропова.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысынан басқа да өңірлерге барғысы келетін балалардың қатары артып келеді. 2014 жылы сауалнамаға қатысқандардың 11,5% Қазақстанның өзге облыстарындағы колледждерге түсуге ынта танытқан. Ал 2015 жылы – 15,5%, 2016 жылы - 15,7%. 2016 жылы 21%-ға дейін күрт артқанымен, биылғы сауланамада 14,89%-ға дейін азайған.

Түлектердің Ресей Федерациясының колледжеріне деген қызуғашылықтары әлі де жоғары.

«Екі жыл қатарынан осы тармақтағы көрсеткіш артып келді, 2014 жылы сауалнамаға қатысқан оқушылардың 3,4% Ресейде оқуды қаласа, 2015 жылы - 8,9%. 2016 жылы аздап төмендеген, яғни - 8,7%, ал 2017 жылы 7,6% болса, биыл 8,26%.-ға дейін артқан. Сонымен қатар жоғары білім алуға ниеттілердің қатары артып отыр. 2015 жылы бұр көрсеткіш 44%-ға артса, 2016 жылы - 48%, 2017 жылы - 40%, ал биылғы көрсеткіш 48,57 %-ға жетті. Бұл көрсеткіште Қазақстандағы немесе шет елдегі жоғары оқу орнын таңдау мақсатын көздемедік», ­- деп тұжырымдады сарапшы.

Ал мамандық таңдауға келер болсақ, түлектер дәрігер, мұғалім, агроном және әскери мамандықты таңдау алда тұр. Келешегін кәсіпкерлікпен байланыстыратын оқушылардың бар екені қуантады. Алғаш рет талапкерлердің 3,8%-ы «Кәсіпкер» нұсқасын таңдады, 2017 жылы ­– 3,83%, 2018 жылы  4,39% көрсеткішке жетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер