«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмыссыздықтан кәсіпкерлікке бастаған жол

2018 жылғы 03 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9775 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылының тұрғыны ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болған. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына хабарласқаннан кейін жағдай өзгерді

Жұмыс жоқтықтан әрі тұрақты табыс болмағандықтан Ұлболсын Үмітбаева отбасы үшін маңызды шешім қабылдап, бизнеспен айналысуды қолға алды. Идеясын жүзеге асыру үшін Жамбыл ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінді. Мұнда мемлекеттік бағдарламаларды түсінуге көмектесіп, бизнес-жоспар құру мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің тәртібі жайлы ақпарат берді. Кәсіпкер ретінде мал шаруашылығымен айналысуды таңдаған Ұлболсын Үмітбаева ұсақ малды өсірумен және құс шаруашылығын өрбітпек.

Аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталығы кеңес беруші менеджерлерінің кешенді көмегімен Ұлболсын Үмітбаева Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арғылы 1,2 млн теңге несие алды. Бұл қаржыға 40 бас қой мен 200 қаз алды.

«Отбасылық бизнесті бастау көптен ойымда жүрген, бірақ тәжірибем мен кәсіпкерлік саланы білмеуімнен, қандайда да қаражаттың жоқтығынан шешімге келу қиын. «Бизнес-Кеңесші» курсынан өткен соң, аудандық филиалдық қолдауымен бастап кеттім. Қазір дұрыс жолды таңдағаныма сенімдімін. Енді тоқтап қалмай, алға ұмтылу керек. «Жүргенге жөргем ілінер» деген. Сондықтан ертеңім қалай болатыны тек өзіме байланысты», - дейді кәсібін енді қолға алған Ұлболсын.

Ол кәсібін ұлғайтып, табысына сарай салып, «Линда» тұқымды қаз сатып алуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Былтыр мемлекеттің қолдауымен Жамбыл ауданында 5 келіншек жобаларын жүзеге асырған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер