«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Агроколледж ауыл-аймаққа маман дайындайды

2018 жылғы 28 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10161 просмотров

СҚО кәсіпкерлер палатасы филиалы Тимирязев ауданы еңбек нарығын білікті мамандармен қамтуды көздейді. Осы мақсатта палата филиалы Жұмыспен қамту орталығы және колледжбен үшжақты келісімге қол қойды

Тимирязев агротехникалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға СҚО Білім басқармасы басшысы Гүлмира Кәрімова жетекшілік етіп, Тимирязев ауданы әкімі Ербол Сағдиев қатысты.  

Жиынның басты тақырыбы әлеуметтік әріптестер мен колледждің білікті кадрларды дуальді білім беруді енгізу арқылы дайындау төңірігінде болды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 1-бағытын жүзеге асыруда Өңірлік палата мен аудан бизнес құрылымыдарының агротехникалық колледжбен қарым-қатынасы жайында аудандық жұмыспен қамту орталығы жетекшісі Нариман Жарасбаев және ӨКП аудандық филиал директоры Александр Гурьянов айтып берді.

 Кездесу барысында қатысушылар «УАК и К» және «Есей-Агро» атты әлеуметтік серіктестер кәсіпорындарына барды, онда колледж студенттері «Дуальді оқыту» бағдарламасы аясында өндірісітік практикадан өтеді.

 Іс-шара соңында Жұмыспен қамту орталығы, палата филиалы және колледж арасында жергілікті еңбек нарығын білікті кадрмен қамту мақсатында ынтымақтастық бойынша үшжақты келісімге қол қойылды.

 «Бұл келісім ауданның өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісін дамытуға бағытталған. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында біріккен консультациялық және ақпараттық жұмыс өткізу маңызды», – деді ӨКП аудандық филиал директоры Александр Гурьянов.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер