«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Петропавл Жас кәсіпкерлер клубы өз жұмысын бастады

2018 жылғы 02 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10611 просмотров

Екі күн ішінде  жоғары сыныптың  60-қа жуық оқушысы кәсіпкерлік негіздері пәнімен танысты

30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында «Жас кәсіпкерлер клубы» жобасы шеңберінде Петропавл қаласының жоғары сынып оқушыларына тренингтер өткізілді. Тренингтер кәсіпкерлік негіздерді меңгеруге бағытталған. Оқушылармен болған бірінші кездесуде «Бизнестегі алғашқы қадамды қалай жасау керек?» тақырыбында өрбіді.

 «Мектепті бітірген бала алдында болашақ мамандықты таңдау бойынша  сан сұрақтар тұрады, осы ретте кәсіпкерлік жұмысты да қарастырған жөн. Оның жауабы оңай: бірінші қадам жасау керек! Оның ішінде кәсіпкерлікте де, өйткені бұл бағыт та болашақта білікті маман болуға шындайды. Бизнестегі алғашқы қадам қандай болуы керек, келесі қадамдар неден құралуы керек осыны балалар тренинг барысында білетін болады. Бірінші кезекте идеяны таңдау, нарықты зерттеу, өз жобаңды жүзеге асырудағы шығындарды есептеу, яғни бизнес-жоспарды дұрыс құрудан тұрады», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес-тренері Елана Коняхина.

 Екі күн ішінде Клуб тренингтеріне 60-қа жуық мектеп оқушысы қатысты. Олардың бәріне тренингтер ұнады.

 Айта кетелік, мектеп оқушыларына арналған Жас кәсіпкерлер клубын құру туралы шешім 2016 жылдың қараша айында СҚО Үйлестіру еңесі отырысында қабылданған болатын. Клуб 2017 жылдың қаңтар айынан бастап жұмысын бастады. Тренингтерді оқуған жас өспірімдерге арнайы сертификаттар беріледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер