«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Идеядан бизнеске дейінгі жолды қалай өткеру керек?

2018 жылғы 08 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
7862 просмотров

Міне, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірнеше жыл бойы бұл сауалдың жауабын «Бизнес-мектеп» жобасының оқыту тренингінде тауып келеді. Аталған жобада үш құрауыш– «Бизнес-Кеңес», «Бизнес-Өсім» және «Тәлімгерлік қағидасын қолдану арқылы жобалық оқыту» қамтылған. «Бизнес-мектеп» үшін жыл қалай аяқталғаны туралы Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының жаттықтырушысы Елена Коняхина айтты.

Еске салсақ, «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында жеке бизнесті құру, маркетинг, адам ресурсын басқару, бизнесті жүргізудің заңды негіздері мен қаржыға арналған қысқа мерзімді оқытудан тұрады. Жоба бойынша оқытуды кәсіби мамандар жүргізеді.

Курстың мақсаты – Қазақстанның барлық өңірінде шағын және орта бизнес субъектілерін сапалы дамытуға ынталандыру. Курстың ұзақтығы – 16 сағаттан кем емес. Сабақ интерактивті тәртіпті өтеді, практикалық сабақтар мен жаттығулар да қарастырылған.

«Өткен жылдың жоспары бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 600 адамға білім беру керек еді. Біз 17-69 жас аралығында 706 азаматқа білім бердік. Олардың ішінде Петропавл қаласының тұрғыны – 383, ал 323 азамат аудандарда тұрады. Мысалы, 112 білім алушы мемлекеттік бағдарлама бойынша жалпы сомасы 288,73 млн теңге қаражат алды», - деді Елена Коняхина.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін ғана емес, жеке бизнесі жоқ азаматтар оқуына болады.

Қатысушылар санына қарай талдау жүргізгенде ЖШС-ға қарағанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендердің қатары көп екені анықталды. ЖШС бойынша білім аған субъектілердің саны – 15 немесе 20,1%. Ал жеке кәсіпкерлердің үлесіне 176 субъект тиесілі, жалпы білім алғандардың 24,9% құрады.

«Егер салалық бағыт бойынша айтсақ, қысқа мерзімді курсқа қатысушылардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Қатысушылардың 49,3% немесе 103 адам. Сауда саласының өкілдері 19,6% немесе 41 кәсіпкер. Қызмет көрсету саласынан 42 адам қатысты,яғни 20,1%, өнеркәсіп саласынан 8,6% құрады, яғни 18 адам, ал құрылыс саласынан 2,4% немесе 5 адам», - деп хабарлады бизнес-тренер.

Білім алушылардың гендерлік қатысын алар болсақ, ер азаматтардың қатары көп. 706 білім алушының 455-і ерлер (64,4%), ал 251 қыз-келіншектер (35,6%).Сонымен биыл 30-49 жас аралығында – 369 азамат білім алған. Ал 17-29 жас аралығындағы қатысушылар саны – 162. Сонымен қатар 19,8% яғни 140 адам 50-57 жас аралығында.ал 57 жастан асқандар қатары 35 адам, яғни 5% ғана болды.

«Бизнес-мектеп» құрауышының келесі бір жобасы – «Бизнес-Өсім». Бұл «Бинес-Кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді курстан өткенін растайтын сертификаты бар ШОБ субъектілерді оқытуды қарастырған. Оқу бағдарламасы кәсіпкерлердің сауалнамасына қарай дайындалған. Маркетинг, іскерлік келіссөздер, сатуды басқару секілді тақырыптар қамтылған. 2017 жылы жоспар бойынша 100 кәсіпкер оқытылды», - деді Елена Коняхина.

Ал үшінші құрауыш – «Бизнес-Мектеп» туралы айтар болсақ, бұл тәлімгерлік қағидасын қолданатын жобалық оқыту. Бұл жобаға 53 адам қатысты, олардың қатарында кәсібін жаңадан бастағандар да, кәсіпкерлікпен айналысып отырғандар да бар.

«Жобаның басты мақсаты – аудан, моноқала мен облыс орталықтарында бизнестің нақты бір түрін ашу мен дамыту бойынша нұсқау беретін кәсіби оқыту, сонымен қатар табысты кәсіпкерлер мен салалық мамандардың қатысуы арқылы тәжірибелік білімді арттыру. Жобаның оқыту бағдарламасы аясында 2017 жылы 56,1 млн теңгеге 21 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 2 жоба жеке қаражат арқылы болса, 19 жобаның 53,1 млн теңге қаржысы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы берілді», - деп түсіндірді бизнес-жаттықтырушы.

2018 жылы «Бизнес-Мектеп» жобасы бойынша оқыту жалғасады. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіппен айналысушыларды және кәсібін жаңадан бастағандарды «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысуға шақыралы. Оқыту 17 қаңтардан басталады.

Оқу өткізілетін мекенжай: Петропавл қаласы, Ж.Жабаев көшесі, 191. Кәссіпкерлерге қызмет көсрету орталығы, сонымен қатар аудан орталықтарында орналасқан Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында оқытылады.

Оқуға жазылу үшін 8(7152)50-25-49 телефонына хабарласу керек, мекенжайы; Петропавл қаласы, Абай көшесі, 29, 101-кабинет, сондай-ақ Палатаның аудандық филиалдары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер