«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік кәсіпкерлері ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторымен кездесті

2017 жылғы 12 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9370 просмотров

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Талғат Момышев өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілерімен жүздесті. Кездесу отандық үлес тақырыбына арналды.

«Осы өңірге жасалған іс-сапар еліміздің кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге, сонымен қатар отандық үлес мәселесіне арналып отыр. Елбасы мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және ЖӨӨ үлесін көбейтуге қатысты тапсырма жүктеді. Мемлекеттік сатып алуларға қатысты бизнестің сауалы көп екенін білемін, бүгін сіздермен осы тақырыпты талқылауға жиналдық», – деді жиын қатысушыларына арналған сөзінде Малғат Момышев.

Жиын барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму дәне өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Жергілікті қамтуды дамыту басқармасының басшысы Зәуре Бижанова кәсіпкерлерді ашық сөйлесуге шақырды. Мұнымен қоса «СТ-KZ» сертифкатын алуға, тендерлерге құрылыс мекемелерінің қатысуы секілді түйткілді мәселелерге назар аударды.

Кәсіпкерлер көз жеткізгендей, аталған саланың өзекті мәселесі өте көп, оны республикалық деңгейде шешу керек. Мұнайдың ұсақ жабдықтары мен қосалқы бөлшектерін шығарушылар «СТ-KZ» сертификатын берудегі негізгі екі мәселені атап көрсетті. «Поиск» венчурлық фирма» ЖШС директорының орынбасары Армен Агабабянның айтуынша, бұл сертификаттарды өнім куәлігі қатарына ауыстыру керек, яғни оларды мерзімі шектелмеген немесе, ең болмағанда, ұзақ мерзімге арнау керек.

«Кезінде сериялық өндіріс сертификаттарын пайда болуға қол жеткіздік, яғни оны жасағаннан кейін өнімнің әрбір партиясына сертификат рәсімдеудің қажеттілігі болмады. Ойлап қараңызшы, менде жылына шамамен 200 шарт келісімшарт және әрқайсында 2-ден 50-60 позицияға дейін бар, яғни 20-30 тұтынушыға сол бір бөлшектерді жеткіземін. Мен әр партияға сертификат рәсімдесем, онда бұл кемінде сараптамамен, сертифкатқа ақша төленген 20-30 сертификат ресімдеу керек. Қазіргі таңда сериялық өндіріске сертификат алу үшін жылына 2,5 млн теңге жұмсалады. Енді талқылауда жатқан ережелердің жаңа жобасына сәйкес өнім партиясына сертификат рәсімдеуді қайта енгізіп, сериялық өндіріс сертификатын алып тастамақ. Бұл қайда апарады? Менің жағдайымда шығын шамамен 20 есеге артып, 2 миллионның орнына 40 млн теңге төлейтін боламын. Жеткізу мерзімі де ұзарады, себебі рәсімдеу өнімді дайындап болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Қазір өнімді дайындағаннан кейін келесі күні жөнелтіп жатсам, жаңа ережемен аталған партияға сертификат рәсімдеуді күтуге мәжбүр боламыз. Бұл ең соңында бәсекеге қабілеттілікті төмендеуге әкеледі. Сондықтан осы сертифкатты өнімді игеру туралы куәлік дәрежесіне ауыстыру керек деп есептеймін», – деп тұжырымдады кәсіпкер.

Басқосуда кәсіпкерлер тарапынан квазимемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша ұзақ мерзімді келісімшартқа қатысты сауалдар тасталды. Бизнесмендердің айтуынша, мәселе өнімнің бағасын ауыстыруға мүмкіндік жоқтықтан туындайды.

«Біз 2013, 2014, 2015 жылдары ұзақ мерзімді келісімшарттар жасадық. Әрине, осы уақыт аралығында валюта бағамы, шикізаттың бағасы да өзгерді, тиісінде өнімнің құны да артты. Алайда келісімшарт бойынша бағаны өзгерту мүмкін емес. Қазірдің өзінде ұзақмерзімді келісімшарт бойынша 30% – таза шығынның өндірісі. Мен ұзақ мерзімді келісімшартпен айтарлықтай шығынға ұшырағаным аздай, сонымен қатар оны бұза да алмаймын», – деп түсіндірді «Поиск» венчурлық фирма» ЖШС директорының орынбасары Армен Агабабян.

Сонымен қатар кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарының тендерінде жеңімпаз анықтау талаптарын қатаңдату қажеттілігін де көтерді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер демпингтік шараларды алып тастап, міндетті талаптар қатарына қатысушы-кәсіпорынның салық және беделдік құрауышын енгізу керектігін алға тартты. Белгілі бір мәселелер құрылысшыларға қала маңында жақсы құм карьерін жасатпай отыр. Сапалы құм облыстың шалғай аудандарында бар, алайда қажетті мөлшерде алып қоюға оське 8 мың тоннадан астам салмағы бар автокөліктің қозғалуына шектеу қойылған. Құрылысшылар қыстың күні ауыр жүктің қозғалысына рұқсат сұрап отыр.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар мал шаруашылығын дамыту, мемлекеттік шекара қиылысында ылғи орын алатын кептелек пен коммуналдық мәселелерін де көтерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер