«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйел қашықтық мәселесін шешті

2017 жылғы 18 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
8199 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қойма орындарын ашып, құрылыс материалдарын арзан бағада ұсынып отыр.

Галина Воробьева – табысты кәсіпкер. Ауданда тұрғындарға арналған дүкендер ашқан. Үй тауарларын, құрылыс пен салттық қызметке арналған заттар сатады. Іскер әйелдің жоспарында қызықты жобалар баршылық. Солардың бірін Астана күні қарсаңында жүзеге асырды. Галина Марциновна құрылыс материалдарын бөлшек және көтерме бағада сататын қойма орындарын ашты. Аудан ірі қалалардан шалғайда орналасқандықтан құрылыс материалдарының кей түрі табылмай жатады, ал аудан тұрғындары бір зат үшін алыс жүруге мәжбүр болатын.Сондықтан кәсіпкер жүзеге асырған бұл жобаға әрдайым сұраныс болары анық.

Мұнымен қоса, Галина Марциновна – аудандағы табысты кәсіпкер ғана емес, СҚО ӨКП Тимирязев ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. Балаларды психологиялық-педагогикалық түзету орталығын басқаруға алған.

«Біздің аудан тұралап қалған деген жалған пікір. Біз кәсіпкер ретінде жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік-жауапкершілікті қалыптастырып, аудан үшін тағы не істей алатымызды ойлануымыз қажет. Мұның барлығын мемлекеттен көмек күтпестен жасауға болады. Сіздерге нақты айта аламын, біздің бизнесіміз табысты болады!» – деді Галина Воробьева.

Таяу уақытта Галина Воробьева наубайхана мен сұрыпталымы жоғары дүкен ашуға ниетті.

Қойма орындарын ашуға аудан әкімі Ербол Сағдиев қатысты. Жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жалпы экономиканы дамыту үшін аудандағы кәсіпкерлік саласында біршама мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер