«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдағы кәсіпкерлерге мемелекеттік салып алуға қатысу оңай емес

2017 жылғы 30 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
6302 просмотров

Шал ақын ауданындағы кәсіпкер мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың қыры-сырын сәтті меңгеріп келеді

Кәсіпкердің бұл жетістігіне Солтүстік Қазақстан Облысы кәсіпкерлер палатасы кеңесшілерінің көмегі тиген.

Сергей Даниленко – жеке кәсіпкер. Таяуда ол өз күшін жаңа бағытта сынап көргісі келді әрі тендерге қатысуға ықылас білдірді. Алайда Сергей мемлекеттік сатып алуға қатысудың мән-жайын білмейтін. Сан сауал туындап, оны шешудің жолын қарастырды. Интернетте қателіктерге ұрынбай, жеңіске бір табан жақындауға білікті заңгерлер немесе бухгалтерлік фирмалар көмектесе алатынын білді. Бірақ, бизнесмен бұл талапқа сай келетіндер ауданда жоқ екен айтады.

Көкшетау қаласындғы «Тыныс» АҚ үшін газ тәрізді аргонды жеткізуге «Самұрық-Қазына» АҚ квазимемлекеттік саласында баға ұсынысы бойынша ашық тендерге өтінім беруге бір күн ғана қалған. Тапсырыс беруші соманы анықтады – 2,7 млн теңге. Сергей Даниленко жұбайының ақылына құлақ асып, Кәсіпкерлер палатасының бөлімшесіне жүгінуді ұйғарды. «Бұрында мұндай шаруаны басқалардың көмегінсіз-ақ өзім шешемін деп ойлайтынмын. Алайда қазіргі таңда бизнесті кеңейту үшін мемлекеттік сатып алу бойынша үлкен білімді игеру керек. Палата қызметкерлерінің аз уақытта жасаған қыруар шаруасына тәнті болмай қоймайсың. Менің ісіме көмек қолын созғандары үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, Палатаға әлі де кеңес алу үшін келемін», – дейді кәсіпкер.

Палата бөлімшесінің кеңесшілері аз уақыттың ішінде тендерлік өтінімді сауатты толтырып, екі кезеңнің қорытындысы бойынша ол жеңімпаз атанды. Енді Сергей мемлекеттік сатып алуға тұрақты түрде қатысуға ниетті. Кәсіпкердің айтуынша, оның үстіне Палата бөлімшесінің кеңесшілерімен жақсы команда құрылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер