«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еңбекті сүйген жақсы үлгі көрсетеді

2017 жылғы 18 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7845 просмотров

Үлкендердің жақсы үлгісі өскелең ұрпақты үлкен істерге құлшындырады

СҚО Мәмлүт ауданында мектеп оқушылары кәсіпкерлерге жиі қонаққа барады. Осы жолы аталмыш экскурссияға тек қыз балалар қатысты.

«Жастармен кәсіптік бағдар жұмысы аясында біз әйелдер кәсіпкерлігін насихаттау мақсатында халыққа қызмет көрсететін ұйымдарға экскурсия ұйымдастырдық. №1 мектеп-гиманазияның 9-сынып оқушылары «Шарм» сұлулық салонына барды. Салон иесі Галина Ковальчук бойжеткендерге өз шеберлігінің қыр-сырын айтты», – айтты СҚО ӨКП Мәмлүт аудандық филиалының директоры Нина Василенко.

 Өзінің сұлулық салонын Галина 30 жасында ашқан. Қазір сұлылық салоны аудан бойынша аса танымал. «Жастайымнан қуыршақтарға түрлі шаш үлгілер жасап, шаш өруді жақсы көретінмін. Бірте-бірте жақындарымның шашын қидым, ары қарай бұл тізімге көршілер, таныстар қосылды. Менің шашты әрлеуге деген махаббатым табыс әкелетінін түсіндім де жеке шаштараз салонын аштым», – деді бизнес-вумен.  Бүгінде «Шарм» сұлулық салонында жабдықталған 3 шаш қию орны, бір маникюрлік орын бар.  Салонда білікті шаштараздаржұмыс істейді. Бизнес-леди өз басшылығымен бойжеткендердің қолына бірден қайшы ұстатып, шеберлік-сабақ көрсетті.

Ары қарай жоғары сынып оқушылары көрпе мен жастық әлеміне саяхаттайды. «Уютный дом» үйі ескірген жастықтар мен көрпелерді жаңартып, қалыпқа келтіреді, бұл шеберлер үйі биыл ашылды. Бизнес-леди Юлия Хайрудинова жеке кәсіп ашуда мемлекеттік бағдарламаны қолданып, орын-жай жалдап, мамықты тазалайтын құрал-жабдық, екі тігін машинасын, және мамық қаптайтын мата сатып алған.

 Жас кәсіпкер мектеп оқушыларына өндірістің үдерісін көрсетті. Юлия өзінің кәсіпкерлік жолын айтып, жастықты қалай қалыпқа келтіру керек тігін практикада көрсетті. Кәсіпкер қолы жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, ары қарай бизнесін кеңейтпек. ӨКП Мәмлүт филиалының директоры Нина Василенко мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтып берді. Қыздар бір күндерін танымдық экскурсияға арнап, кәсіпкерлік саласына қызыққандарын алға тартты. Олардық болашаққа деген жоспарлары көп. Бойжеткендер бастысы кез келген істе білім қажет екенін түйді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер