«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Темір тор кәсіпкерлікке кедергі емес

2017 жылғы 20 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8680 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен түзеу колонияларында бизнес-тренингтер өткізілуде

Жазасын өтеп жатқан әйелдердің түзеу мекемесіндегі қатаң тәртіпке өзгертулер енді. Жазасын өтеушілер екі күн бойы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады. Тренинг «Бизнестің жол картасы ­– 2020» кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бағдарламасы» жобасы аясында өткізілуде.

Топта жақын арада бостандыққа шығатын 22 жазасын өтеуші бар. Бостандыққа шыққаннан кейін олардың әрқайсысын немен айналысатындығы тураы маңызды сауал күтіп тұрғаны белгілі. Бір кездері заң шеңберінен шыққан жандар сол істерін қайталамас үшін «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша тренинг өткізуге шешім қабылданды. Бұл оқу курсы өмірлеріне жағымды өзгерістер алып келетін шығар.

«Жұмыс барысында көп жағдайда өз ісін бастаған стартаперлер идеяны жеткізе алады да, қаржылық, маркетингтік жоспарлауды, жаңа бизнес қалай жұмыс істейтіндігін бағалауды, оның нәтижесін болжауды білмейтіндігін аңғардым. «Бизнес-кеңесші» жазасын өтеп жатқан әйелдерге де кәсіпкерлік негіздеріндегі білімдерін тегін толықтыруға мүмкіндік береді. Олар үшін кәсіпкерлік тек кіріс алып келетін емес, сондай-ақ өмірде өзін-өзі қалыптастыруға деген мүмкіндік деп ойлаймын», – дейді Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Елена Коняхина.

Жазасын өтеушілер өз істерін ашуға ерекше ықыласты дейді бизнес-тренер. Мысалы, бір қатысушы түзеу мекемесінде өткізген уақытта тігінді жақсы үйренгенін айтты. Бостандыққа шыққан соң өз тігін ательесін ашып, үйренгенін кәсібіне айналдырғысы келетінін айтты. Енді бір келіншек мал шаруашылығымен, оның ішінде шошқа өсіруді қолға алмақ. Үшінші әйел қоғамдық тамақтану орнын ашуға ниетті. «Енді біз өз қалауымызды орындауға бір қадам жақындай түстік. Кәсіпкерлік іске қатысты білім алуымыз қоғамда бейімделуімізді жеңілдетуге көмектеседі» дейді жазасын өтеушілер.

Оқыту курсы аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар бизнесті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Ақпан айының соңында бизнес-тренинг ерлер колониясында ұйымдастырылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер