«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жауапкершілік жүгі ортақ

2017 жылғы 27 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
8013 просмотров

Есіл ауданының кәсіпкерлеріне кәсіпкерлік қызмет кезінде жиі кездесетін өзекті мәселелер талданды

Шағын және орта бизнес өкілдеріне еңбек шарттарын, жеке және ортақ материалдық жауапкершілік туралы шарттарды жасаудың қажеттілігі туралы әңгімеленді.

Сауда-қаржылай құндылықтарға ие көптеген кәсіпкерлер үшін, кәсіпорын жұмысшылары жауапкершілігінің төмендеуі өзекті проблема болып тұр. Бұған себеп – кәсіпкерлердің материалдық жауапкершілік туралы немесе жұмысшылар мен кәсіпорын басшылар арасында ортақ жауапкершілік туралы шарттардың жасалмауы.

Мәселен, Кәсіпкерлер палатасының филиалына жеке кәсіпкерлік басшысы Николай Кирюхин көмек сұрай келіпті. Оның айтуынша, дүкен сатушылары оған 1 млн 411 теңге қарыз екен, яғни есеп-қисап жүргізу кезінде осыншама қаржының кем екендігі анықталған. Материалдық және ортақ жауапкершілік туралы шарттың болмауы жоғалған қаржыны қайтару тәсілі туралы даудың тууына себеп болып отыр.

Кәсіпкерлер палатасы Есіл аудандық филиалының менеджер-консультанты Евгений Пьянков осыған қатысты талап арыз дайындап, құжаттар пакетін жинап, оны Есіл аудандық сотына жіберді.

Талап арызды қарау барысында бейбіт келісімге келді. Аудандық филиал келісім жобасын жасап, оны кейін сот бекітті.

Бүгінде тараптар келісім талаптарын орындап, қаражат қайтарылып жатыр. Айта кетерлігі, кәсіпкерлік қызмет субъектілері дөңгелек үстел тақырыбын қызу талқылады. Филиалға материалдық және ортақ жауапкершілік туралы шарттар, еңбек шарттарын дайындау туралы арыздар өткен жылмен салыстырғанда көптеп түскен.

«Палата филиалының қызметкерлеріне сапалы және кәсіби көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіргім келеді. Енді әріптестеріме жұмысқа жаңа қызметкерлер алмас бұрын, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінуге кеңес беремін», – деп ойымен бөлісті Николай Кирюхин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер