«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбылдың сәнді жиһазы

2016 жылғы 02 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
8956 просмотров

Жамбыл ауданының жиһаз цехы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңістен үміткерлердің бірі

Әр әйел өз үйінің интерьерін қалауы бойынша сәндеуге ұмтылады. Бұл тұста тапсырыс берушінің барлық тілегін есеп ала отырып, жиһаз даярлай алатын шеберлер үнемі көмекке келеді. Жамбыл ауданының жеке кәсіпкері Владимир Лагоданың бизнестегі басты ұстанымы клиенттер мүддесіне қарай бағыт алу. Оның өндірісінде 12 адам жұмыс жасайды, олар айына 60 мың теңгеден астам ақша табады. Шеберлерге өз қалауы бойынша жиһазды жамбылдықтар да, көрші аудандар тұрғындары да, сонымен бірге шекаралас жатқан Ресей ауылдары да тапсырыс береді. Дайын өнім каталогынан да жиһазды таңдауға мүмкіндік бар. Кәсіпкер бизнесін кеңейтіп қана қоймай, Сапа менеджменті жүйесіне сай келетіндей сервисті жетілдіруді де көздеп отыр.Үлгілі жиһаз шеберханасына кәсіптік бағдарлау аясында жергілікті мектеп оқушылары да көптеп келеді. Цехта балалар жиһаз жасау ісінің қыр-сырына үйренеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер