«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көне ғимаратқа жан бітірді

2016 жылғы 13 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7913 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы несие алған СҚО кәсіпкері бұрынғы Мәдениет үйін жаңартты

Айыртау ауданы Кәсіпкерлер палатасының мамандарының қолдауымен Людмила Климович «Ludmila» ЖШС ашып, құжаттарды жинап, «БЖК-2020» арқылы «Start Up» жоба ретінде несие алған. Бұл қаражатқа ол бұрын Мәдениет үйі болған ғимаратты сатып алады. Ол кідірместен ғимаратты қонақүй мен мейрамханаға айналдыруға көшкен.

«Людмила – жас, белсенді кәсіпкер жан, аудандық Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Ол өз қызметін үйде бөлме  гүлдерін өсіріп, оны таныстарына сатудан бастаған, одан соң ол сауда жүргізу үшін шағын ғимарат жалға алған. Бүгінде ол тұқым, тыңайтқыштар, бөлме өсімдіктері мен гүлдерін сататын бөлімнің қожайыны. Мейрамхана-қонақүй бизнесі ол үшін мүлдем таңсық сала болды, сондықтан біз оған жаңа бизнестің бастапқы қалыптасу кезеңінде қолдан келгенше көмек көрсетуге тырыстық», – дейді Айыртау ауданы КПФ директоры Данияр Қалымов.

Қазір Люмила Климовичтің бизнесі жақсы дамып келеді. Енді кәсіпкер өз мекемесінің тартымдылығын арттыру және клиенттерге қолайы жағдайлар жасау үшін сервисті жетілдірумен тынымсыз айналысуда. Таяуда ғана ол мейрамхана бизнесі саласындағы маман, креативті бас аспаз және сомельені шақырып, олар ұжымды жұмыс барысында оқытты. Кәсіпкердің бизнесті дамытуға байланысты жоспары әлі де көп, ол көздегенін сәтті іске асыруға бекініп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер