«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қалауын тапса...

2016 жылғы 13 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10807 просмотров

Новомихайловка ауылының тұрғыны Максим Кутищев Кәсіпкерлер палатасының Мамлют аудандық филиалынан жеке кәсібін ұйымдастыруға көмектесуді сұрады

«Жасым 23-те, 3-топ мүгедегімін, ауылда жұмыс табу қиын. Мемлекеттік несиелендіру бағдарламасы туралы семинар барысында Кәсіпкерлерді қолдау орталығынан білдім. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын пайдаланып көруге шешім қабылдадым. КҚО-да маған әлеуетті бағыттар туралы толыққанды түсіндіріп, жеке ісімді ашу үшін таңдауыма бірнеше нұсқаны ұсынды. Ауылда өскендіктен, жаныма мал шаруашылығы жақын», – дейді Максим Кутищев.

Жас жігіт «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша білім алып, оны тәмамдаған соң «Макс» жеке кәсіпкерлігін ашты. КҚО кеңес берушілері оған бизнес-жоспар әзірлеп, несие алу үшін құжаттар пакетін дайындауға көмек берді. Кәсіпкерге 1,8 миллион теңге сомасындағы несие берілді. Ол бұл қаражатқа 8 бас ірі қара мал мен сауын аппаратын сатып алып, сүт сатып алушылармен шартқа отырды.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мамлют ауданы филиалы директорының орынбасары Нина Василенконың айтуынша, 2016 жылы КПФ сарапшылары 9 адамға мал шаруашылығы саласында кәсіпкерлік ашуға көмек берген. Бизнесмендер жалпы сомасы 10 миллионнан астам теңге қаражат алған. «Жастар мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламаларына көптеп қызығушылық таныта бастады. Ал біз, өз кезегімізде, бұл қызығушылықты барлық жағынан қолдаймыз, экономикалық бағытын тауып, аяғынан тік тұрып кетулеріне, пайда табуға көмектесеміз», – дейді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер