«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020: бизнес ашу мен дамытудың тамаша мүмкіндігі

2016 жылғы 08 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
12390 просмотров

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге көлік жөндеу бизнесін дамытуға жұмсалмақ

Солтүстік Қазақстан облысы Мүсірепов ауданының кәсіпкері Сұлтан Күшековке осындай қаржылай несиемен қолдау жасалды.

Несиеге алған ақшасына ол техникалық жөндеу бекетінің ғимаратын жаңғыртып, қайта өңдеп, керекті құрал-жабдықтар алды. Ісі оңға басып, кеңейген соң Күшековке жөндеу бекетіне қосымша адам күші қажет болды. Ол тағы бір жұмысшыны қабылдады. Яғни, ЖҚЖК–2020 ұсынған қолдау өз нәтижесін беріп жатыр. Өз ісін дөңгелетіп, несиеге қол жеткізуге кәсіпкерге аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджерлері көмектесті. Олар бизнес-жоспар құруды көрсетіп беріп, талап етілетін құжаттарды жинауға септесті. Мамандар жылжымайтын мүліктің тіркеу құжаттарынан сәйкессіздік тауып, оларды да түзетуге көмектесті.

Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысы Мүсірепов ауданына қарасты Кәсіпкерлер палатасының филиал кеңесшілері 10 кәсіпкердің жобасына қолдау көрсетті. Кәсіпкерлер олардың көмегімен жалпы сомасы 23 миллион теңге несие алған. Бұл несиеге олар өз кәсіптерін  ашып, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер