«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жемісі

2016 жылғы 30 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
9266 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкеріне қызметін кеңейту үшін берілген 3 миллион теңге бизнес тиімділігін бірнеше есе ұлғайтуға жол ашты

Надежды Ковуняктің қаз, үйрек, балапан өсіруде 15 жылдық тәжірибесі бар. Ол осымша жабдық пен материалдар алған соң, өз шаруашылығын аудандағы үй құстары балапандарын жеткізетін кәсіпорынға айналдырды. Оның бизнесі мен тың идеясы СҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы кеңесшілері тарапынан қолдау тапты. Олар бизнес-жоспар әзірлеп, «Құс шаруашылығын дамыту» жобасы бойынша несиеге құжаттар жинауға көмектесті. Сонымен бірге сарапшылар заңдық көмек те көрсетті. Кепілзатқа арналған құжаттарда сәйкессіздік бары анықталды. Кейбірінде көлем дұрыс көрсетілмеген, ал қозғалмайтын нысанға тіркелген құқық туралы анықтамада қате мәліметтер жүр. Қателер дер кезінде түзетілді, бұрын хабарлағанымыздай, кәсіпкер әйел несие алып, өзінің мақсатын жүзеге асырды.

Жалпы алғанда СҚО  Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы КПФ кеңесшілері  бүгінде ондаған кәсіпкердің «Жұмысқа қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бизнес-жобаларына  қолдау көрсетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер