«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылшаруашылық кооперативін ашып, несие алды

2016 жылғы 27 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
11992 просмотров

СҚО облысы КП Айыртау аудандық Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының араласуымен ауданда «Шүкірлік» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды

Жергілікті КҚО-ға «Темір» шаруа қожалығының басшысы АӨК құжаттарын рәсімдеп беруді сұрап жүгінген. Кооперативтің басты мақсаты – мал тұқымын асылдандыру. Консультанттар фермерге кооперативті әділет органдарына тіркеуге қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектесті. Кәсіпкерге құқықтық көмекпен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдаламасы аясында несие рәсімдеуге жәрдемдесті. Нәтижесінде, кәсіпкер 2 млн теңге несиеге қол жеткізіп, оған қазақтың ақбас сиыр тұқымына жататын төрт бұқа сатып алды. Енді жақында жаңа АӨК-ке субсидия бөлінбек. Оны алу үшін жергілікті ауылшаруашылық бөліміне өтінім беріліп қойды.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер