«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қалай жолға қоюға болады?

2016 жылғы 24 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
8897 просмотров

Жамбыл ауданы бизнесмендері істі мінсіз атқару, қызметкерлердің жоғары жұмыс өнімділігін арттыру,  сол арқылы мол пайдаға кенелу сырларымен танысты 

Әрбір кәсіпкер бизнесім жанданып, ақша әкеліп, қанағаттану сезімін сыйласа екен деп тілейді, бұл арманды жүзеге асыруға Сапа менеджменті жүйесін қолдану көмектеседі. Жергілікті бизнесмендерді СМЖ талаптарымен облыстық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының  сарапшылары егжей-тегжейлі  таныстырды. «Бизнестің жол картасы 2020»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында олар Жамбыл ауданына барып, шеберлік сыныбын өткізді.  ЖКҚО мамандары  кәсіпкерлік іс-қызметте басқарудың табысты және тиімді тәсілдері  жайлы, СТ РК ИСО 9001-2015 сапа стандарты туралы әңгімеледі. Сонымен қатар олар өз фирмасының іс-қызметінің бизнес-үдерістерін,  әр іс-қимыл жоспарларын жазып шығу қажеттілігіне көңіл аударды. Бұл кәсіпкерлердің  мақсатқа жету үшін қажетті іс-қимыл мен шаралардың айқын бейнесін көруіне жәрдемдеседі, жалпы алғанда, компанияның бәсекеге қабілетті және пайдалы болуына әсер етеді. «Сонымен бірге бұл бизнес-үдерістерді әзірлеу мен сипаттау – Сапа менеджменті жүйесін  енгізу жолындағы алғашқы қадам ғана», – деп түсіндіреді  СҚО КП СМЖ бойынша менеджер-кеңесшісі Ольга Губанова. Шеберлік сыныбы барысында тыңдаушылар өз іс-қызметінің жоспарларын жасау әліппесін игерді. Олар екі топқа бөлінді. Кейбірі ірі тұрмыстық техника сату бизнес-үдерісін  әзірледі,  басқалары жылқы семірту мен ет дайындау бойынша іс-қызметтің тәуекелділіктері мен мүмкіндіктерін санап шықты.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай шеберлік сыныптары ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үшін өте пайдалы болады. «Менің бизнесім қоғамдық тамақтандыру саласында. Мен өзімнің еңбеккерлерімнің еңбегіне жақсы ақы төлеуге тырысамын, алайда бұл оларды ынталандырмайды, олардың артынан кей істі жете атқаруға  тура келеді, басқа да қиындықтар туады. Мен бұл қиыншылықтар неге туындайтынын түсіндім, оларды қалайша болдырмау керек екендігін де енді түсіндім. Іс жүзінде атқаратын іскер кеңестер алдым. Алған білімім маған бизнесті пайдалы жүргізуге мүмкіндік беріп,  жетілдіруге жол ашады деп ойлаймын»,– деп сыр бөлісті  жеке кәсіпкер Оксана Жақыпова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер