«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шаруа өтініші елеусіз қалмады

2016 жылғы 31 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
12418 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді

Ағымдағы жылдың өзінде Уәлиханов ауданында палатаның жергілікті филиалының көмегімен 7 АӨК құрылды.

Жақында ғана «Уәлиханов» АӨК директоры Біләл Сарқытжан өңірлік филиалға келіп, «KazMeat» ЖШС-мен арадағы қарыз алу туралы келісімді рәсімдеуге көмек көрсетулерін және 8 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу үшін АӨК құрамын шақырып, жиын өткізуін сұрады.

Қарыз алушы «Уәлиханов» АӨК туралы және оған «KazMeat» ЖШС-ның қазақтың жалпы ақбас сиыр табынына қосу үшін 8 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу мақсатына берілетін 1 904 000 теңге көлемінде несие туралы қарыз алушылар арасындағы қарыз шарты жобасын менеджер-кеңесшілер әзірлеп берді.

Кеңес берушілер Біләл Сарқытжанға тек «Уәлиханов» АӨК мүшелерімен жиын өткізуді ұйымдастырып қана қоймай, асылтұқымды бұқа алуды субсидиялауға өтініш беру үшін қажетті құжаттарды жинақтауға көмек көрсетті. Бұл шешім кооператив мүшелерінің қолдауына ие болып отыр.

Палата бөлімшесінің айтуынша, ауыл кәсіпкерлері ауылшаруашылық кооперативтерін құруға қызығушылық танытуда және олар еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің сапасын арттыруда мамандануды тереңдетуге, барлық жағынан шаруаларға өз шығындарын оңтайландыруға және табысты арттыруға мүмкіндік беретін тауарлардың ірі партияларын қалыптастыруға арналған семинарларға белсенді қатысуда.

Естеріңізге салсақ, ауылшаруашылық кооперативтерін құру туралы заң ағымдағы жылдың қаңтарында күшіне енген болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер