«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табыс құпиясымен бөлісті

2016 жылғы 19 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
11036 просмотров

Әйел адам қайтсе мансапқа да қол жеткізіп, отбасын да сақтап қала алады?

Мамлют ауданының танымал бизнес-ханымдары үлкен өмірге енді аяқ басқалы отырған нәзік жандарға өз табыстарының құпиясын ашып берді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мамлют ауданындағы филиалының кәсіби бағдар беру жұмысының аясында Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері №1 мектеп-гимназиясының 9-сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырды.

Менеджер-кеңесші Юлия Мацкевич қыздарды Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жақында құрылған Іскер әйелдер кеңесінің қызметімен таныстырды.

«Кеңес құрамына ауданымыздағы 7 белсенді кәсіпкер әйел кірді, оны Севостьянова Антонина Марциновна басқарады. Бүгін Кеңес мүшелері сіздерге табыс жолын, бизнесті неден бастағандарын баяндап беру үшін арнайы келді», – деді Ю. Мацкевич.

Мәселен, бизнесвумен Разалия Меңдеева идеясының жүзеге асуына, яғни «Фанат» дәмханасын ашуға «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау сеп болғандығын айтты.

«Менің аспазшы ретіндегі он жылдық жұмыс өтілім болғанымен, жеке ісімді ашуға қажетті қаражатым болмады. Міне, сол тұста маған аудандық палатаның қызметкерлері көмекке келіп, жеке ісімді жандандыруға қажетті қаржыны қайдан және қалай алуға болатындығына жол нұсқады», – дейді Р.Меңдеева.

Қазіргі таңда «Фанат» дәмханасы қала тұрғындарының арасында танымал. Өйткені, мұнда дәмді тағамды арзан бағаға сатып алуға болады.

Ал тәжірибесі мол әріптесіне қарағанда кәсібін енді ашып жатқан жас бизнесвумен Крестина Полякова былай дейді:

«Ұлым бір жасқа келгенде, мен оны қатты қуантқым келді. Сөйтіп тақырыптық мерекені өз қолыммен сәндегім келді. Сөйтіп, кейін «Яркий праздник» дүкенін ашу туралы идея келді. Қазір ол менің аз шығын шығарып ашқан сүйікті ісім».

Әңімелесуден кейін Крестина Полякова қыздарға арнап шағын шеберлік-класын өткізді. Өз қолымен шарлардан пішіндер жасауды көрсетіп, скрапбукинг, сабын қайнату, шырақтар дайындау, полимерлік саздан бұйымдар жасау, квиллинг, топиарий, майда моншақтардан әшекей-бұйымдар жасау сияқты шығармашылық түрлері туралы айтып берді. Қыздар өз қолдарымен шардан пішіндер жасап көруді ұсынды. Өз кәсібінің егжей-тегжейімен бизнесвумен Разалия Меңдеева да бөлісіп өтті. Ол іс жүзінде тағамды қалай сәндеуге болатынын және мерекелік дастархан жасауды көрсетіп берді.

Іскер әйелдер қыздардың жеке хоббиін табыс көзіне қалай айналдыруға болатындығы туралы түрлі сұрақтарына қуана-қуана жауап берді.

«Қыздардың біздің шараға деген құлшыныстарын көре отырып, маған біраз ойлар келді, мен тура сол жерде оны қыздарға айттым. Біріншіден, мен оларға өздері жасаған бұйымдарын өткізу туралы ұсыныс айттым. Екіншіден, жақында жазғы демалыстар басталатынын ескере отырып, кішкентай бөбектердің аналары балалар аниматорларының қызметіне жиі сұраныс білдіретіндіктен, қыздарға бұл кәсіпті үйретуге болады ғой деген ой келді. Оларға костюмдер мен балалар мерекесін өткізу бағдарламасын өзім ұсынамын. Тоғызыншы сыныптың төрт қызы бұған өз келісімдерін бергенде қуандым», – деп Крестина Полякова кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Шара соңында әр қатысушыға шеберлік сыныбында өздері жасаған бұйымдары табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер