«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мамандықтар әлемі

2016 жылғы 20 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
14651 просмотров

Осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ауылшаруашылық мамандықтарына арналған форум өтті

«Сәуір айында басталған «СҚО жастарына кәсіби бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету» айлығының аясында өткен бұл шараның мақсаты оқушыларға саналы түрде мамандық таңдауға ықпал ету, сондай-ақ оқушыларға мамандық бағыттарын анықтауға көмек көрсету. 9-сынып оқушыларына арналған форумның өтуіне біздің аудандық филиал, мәдениетпен білім бөлімі ықпал еткенідігін атап өткім келеді», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ирина Торопова.

Облыстағы негізгі жетекші оқу орындарынан келген өкілдер оқушыларға оқу орындарындағы ауылшаруашылық мамандықтары, іріктеу шарттары мен бюджеттік негізде оқуға түсу мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Серік Жұмағалиев өз сөзін тағылымды әпсанадан бастады:

«Сендер не үшін жұмыс істеп жатырсыңдар?» – деп сұрады жолаушы тас қалаушыдан. Біріншісі: «Тамақ табу үшін», – деді. Екіншісі: «Қабырғаға тас қалау үшін». Үшіншісі: «Мына керемет храмды салу үшін», – деп жауап қайырды. Сонымен, егер түсінген болсаңдар, барлығы мақсатқа байланысты. Сондықтан, баяндамам арқылы мамандық таңдауда мақсаттарыңды анықтауға көмектескім келеді. Ол біздің оқу орнымыздағы мамандық болады деп сенемін», – деді Серік Жұмағалиев.

Ол оқушыларды ауылшаруашылық мамандықтарының сан түрімен таныстырды. Соның ішінде 1941 жылы оқу орны құрылған тұста алғаш ашылған ветеринария мамандығы да бар.

«Құрылғаннан бері колледж ветеринар жұмысшылардың бүтін бір армиясын дайындап шығарды. Қазіргі таңда бұл мамандық бойынша 100-ден астам студент білім алып жатқандығын атап өткім келеді. Оқуға 9-сыныптан кейін де, 11-сыныптан кейін де «Ветеринарлық фельдшер» біліктілігі бойынша қабылданады. Бүгінде бұл мамандық еңбек нарығында сұранысқа ие. Өйткені ветеринарлық қызмет ет комбинаттарында, базарларда, теміржол және су көліктерінде, әскери және шекаралық бөлімдерде бар. Бұлардың барлығында біздің мамандар жұмыс істеуде», – деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, оқушылар кейбір мамандықтық түрлері туралы сол салада ұзақ жылдар еңбек еткен адамдардың өздерінен естіп, білуге мүмкіндік алды. Көп жылдар агроном боп қызмет етіп, қазіргі уақытта зейнетке шыққан Владимира Бондарь оқушыларға ауылшаруашылық саласында агрономның маңызды маман екенін айтып берді.

«Оның міндеті бау-бақша, егіс дақылдарының жаңа түрін өсіру. Агроном ауылшаруашылық саласындағы ғылымның басты таратушысы. Ол еңбекті ұйымдастыру мен оның технологиясын жақсы меңгеруі тиіс», – деді Владимир Бондарь.

Айта кетерлігі, өткізілген шара оқушылардың ғана емес, шақырылған қонақтардың да көңілінен шықты. Олар оқушылардың мұндай кездесулерге қызығушылық танытатындарын атап өтті.

Форумды қорытындылай келе, оқушылардың назарын ұйымдастырушылар мынандай тамаша сөзге аударды: «Егер кеме қай айлаққа бет алғанын білмесе, онда ешқандай жел оған ыңғайлас соқпайды». Осылайша, мақсатсыз адамның бұл өмірде түкке де қол жеткізе алмайтындығы айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер