«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ел аралап, қолдау көрсетті

2016 жылғы 18 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
11097 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығы (КҚМО) көшпелі кеңес беру мақсатымен Жамбыл ауданында болды

КҚМО – қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған, кіші және орта кәсіпкерлік субьектілеріне және ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қолдау көрсету құралдары жөнінде ақпараттық және кеңес беруге бағытталған көшпелі автобустар.

Мобильді орталық құрамында «Даму» шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі кәсіпкерлікті дамыту қоры», сонымен бірге өңірлік кәсіпкерлік палатасының сервистік қолдау мамандары болды. Олармен кездесуге СҚО КП Жамбыл ауданы филиалы жаңадан іс бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді арнайы шақырған.

Ауыл бизнесмендері мемлекеттік несиелеу бағдарламалары туралы ақпарат қана емес, сонымен бірге бизнес-жоспарларды жасауда, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға және т.б. бойынша көмек алу мүмкіндігін жібермеуге тырысты. Сонымен бірге, жүгінгендердің барлығына бухгалтерлік және салықтық есеп, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама, сапа менеджменті жүйелерін енгізу, сонымен бірге құқықтық мәселелер жөнінде тегін кеңес берулер мен қызметтер ұсынылды.

Мәселен, «Шапағат» ЖШС директоры Владимир Иванов мемлекеттік сатып алулар сайтымен жұмыс жасау бойынша сабақ алды.

«Бірнеше жыл бойы мен аудандағы мемлекеттік мекемелерге отын тасумен айналыстым, алайда өтінімдер беруді мен үнемі делдалдар арқылы жүзеге асыратынмын. Енді, сайтпен жұмыс жасауды үйренген соң, өздігімнен өтінім бере алам», – дейді кәсіпкер.

Жергілікті бизнес пен мобильді орталық өкілдерінің кездесуі СҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес-тренері Елена Коняхинаның шеберлік сыныбымен қорытындыланды. Шеберлік сыныбының тақырыбы «Жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу» болды, оның аясында бастапқы капиталды есептеу және бизнес-жоспарды жасау мәселелеріне көңіл бөлінді. Шеберлік сыныбынан алған білімнің босқа қалмайтынына күмән жоқ, себебі қатысушылардың көбі «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» және «Бизнестің жол картасы – 2020» несиелеу бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары.

«Өткізілген шеберлік-сыныбы жамбылдықтарға алға қойған мақсаттарына сәйкес өз ісіңді қалай ашуға болады, фирманың нарықтағы қызметін қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болады, жаңа өндіріс орнын кім ұйымдастырмақ және алғашқы кірістер қашан түсе бастайды, бәсекелі күресте тәуекелді азайтып, істі сақтап қалып, жеңіске жету үшін не істеу керектігін үйретті. Осы және өзге де басқару, қаржыландыру, маркетингке байланысты сұрақтар мен кәсіпкердің жоба нәтижелерін болжауға, оның мықты әрі әлсіз тұстарын анықтауға және бизнес-идеяны табысты іске асыруға мүмкіндік беретін бизнес-жоспарды құру кезінде қандай міндеттерді бөлу қажет деген мәселелерге назар аударылды», – деді Елена Коняхина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер