«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске баулу мектеп қабырғасынан басталады

2016 жылғы 30 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
15984 просмотров

СҚО КП Уәлиханов аудандық бөлімшесінің кеңесшілері 10-11 сынып оқушыларына кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар өткізді 

Семинарға Кішкенекөл ауылының №1 және №2 орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

СҚО КП аудандық филиалының басшысы Батырхан Ахметов өз сөзінде: «Бүгін Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуда жастардың кәсіпкерлігі жетекші бағыттардың бірі болып отыр. Осыған байланысты аудан жастарын, соның ішінде жас кәсіпкерлерді мектеп қабырғасынан бастап дайындау қажет болғандықтан, жоғары сынып оқушылары арасында кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері туралы ақпарат деңгейін арттыру қажеттілігі артады», – деп атап көрсетті.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығының кеңесшілері оқушыларға өзіңнің жеке бизнесіңізді қалай ашуға болатындығы, оны дамыту үшін қандай білім мен құралдардың қажет екендігі, сондай-ақ кәсіпкерлікті ұйымдастырудың қандай нысандарының бар екендігі туралы толыққанды түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, кеңесшілер жоғары сынып оқушыларына жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсетудің негізгі бағдарламалары және ауылдық жерлерде шағын және орта бизнес құру ерекшеліктері туралы тиянақты ақпарат берді.

Балалардың семинарға үлкен қызығушылық танытқандығын атап өткен жөн. Олар бизнесті «нөлден бастап» ашу мүмкіндіктері және ауданда бизнестің қай түрімен айналысуға болатындығы туралы сауалдар қойды.

КҚО кеңесшілерінің пікірінше, осы сипаттағы іс-шара өткізу мектеп оқушыларына тек болашақ мамандықты таңдап, жеке бизнеске алғашқы қадамдар жасау ғана емес, сонымен бірге еліміздің дамуына қандай үлес қоса алатындықтарын анықтау мүмкіндігін де береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер