«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл шаруашылығын тек кооперация ғана құтқарады

2016 жылғы 25 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
13136 просмотров

Мамлюттіктер облыста бірінші болып кооперацияның артықшылықтарын пайдалануға кірісті

Мамлют аудандық филиалының белсенді ықпалымен және бастамасымен филиал алаңында ауданда бірінші болып құрылған «Мамлютский» АӨК өндірістік кооперативінің мүшелері өздерінің бірінші отырысын өткізді. АӨК құрамына 11 тұрақты дамушы шаруашылық кірді. АӨК мүшелері кооператив қызметінің негізгі бағыты ретінде астық өндірісін таңдады. АӨК-тің келешектегі жоспарларында өңірдің азық-түлік нарығында сұранысқа ие мал шаруашылығы саласын дамыту бар. Оның құрамына аса ірі «Мамбетов және К» КС кіргенін атап айту қажет.

«Мамлют» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрудың алдында «Атамекен» ҰКП мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің аграрлық кооперацияны дамыту жөніндегі Бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастыру-түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілді.

КҚКО қызметкерлері Юлия Мацкевич пен Диас Ерғалиев кәсіпкерлерге заңды тұлғаны тіркеу тәртібі жайында ақыл-кеңес берді, АӨК-ке құрылтай құжаттарын даярлау және оны тіркеу барысында көмек көрсетті, сондай-ақ, кооперативтің бүкіл артықшылықтары – жеңілдікпен салық салынуы, субсидиялануы және несиеленуі туралы ақпарат берді.

Бірінші отырыста атқару органы – АӨК басқармасы сайланды. Басқарма төрағасы болып өңірден тыс жерлерге де танымал кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Е. Мамбетов сайланды.

Филиал директоры Нина Василенконың айтуынша, ауданда тағы бір ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарланып отыр.

«Мамлюттік тәжірибе Солтүстік Қазақстанда жалғыз емес. Дәл осындай АӨК-тер Тайынша ауданында да құрылған. Облыстың Жамбыл және Ақжар аудандарындағы АӨК-тер тіркелу сатысында тұр», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бауыржан Ахметаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер