«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Александр Бердниченко: «Жеке іс ашуға көмектесеміз!»

2016 жылғы 27 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
11404 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің басымдылықты бағыттарының бірі кәсіпкерлерді бейқаржылық қолдау болып табылады. Аталмыш бағытта қандай нәтижелерге қол жеткізілді СҚО КП бөлім бастығы Александр Бердниченкомен әңгіме осы төңіректе өрбіді.

- Александр, Палатаның бейқаржылық қолдау аясында «Бизнес-мектеп», Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары және әрекет етуші кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау сияқты үш бағытта қызметін жүзеге асыратыны белгілі. «Бизнес-мектеп» дегеніміз не, осыны тарқата отырсаңыз?

- «Бизнес-мектеп» «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты аясында жүзеге асырылады. Бейқаржылық қолдау операторы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

«Бизнес-мектеп» жобасы бойынша бизнес-оқыту экономиканың барлық секторларында әрекет етуші шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін ұсынылады. БЖК-2020 бағдарламасының бұл құрамдасы моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамаға ие халыққа оқыту жобаларын ұсынуға бағытталған. Шағын қалалар мен аудан орталықтарында «Бизнес-мектеп» қызметі Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында ұсынылады, ал облыс орталығында – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында.

«Бизнес-мектеп» құрамдасы аясындағы оқыту жобалары «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытуды, жобалық оқытуды, сонымен қатар «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бизнесті жүргізу және дамыту функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімдік оқытуды көздейді.

- Аталмыш жобалар жайлы толығырақ айтып берсеңіз?

- «Бизнес-кеңесші» - жеке бизнес құру, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңи негіздері, қаржы бойынша қысқа мерзімдік оқыту. Оның мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнестің сапалы дамуын ынталандыру болып табылады.

Аталмыш жоба бойынша оқытуды кәсіпқой бизнес-тренерлер жүргізеді. Курстың ұзақтығы кем дегенде 16 сағатты құрайды. Сабақтар практикалық жағдаяттар мен жаттығуларды талқылаумен интерактивтік режимде өтеді.

Бұдан кейін бірінші кезеңде оқытылған, яғни «Бизнес-кеңесші» жобасынан өткен тыңдаушылар арасынан бағыттар және жобалар бойынша топтар іріктелініп, жинақталады. Жобалық оқыту дегеніміз де осы. Ісін бастаушы кәсіпкерге аталмыш ауданда немесе моноқалада жүзеге асыруға болатын бірнеше шағын жоба таңдауға беріледі. Жобалар сонымен қатар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан қалыптастырылады. Әрбір ауданға және қалаға басымдылықты бағыттарға сәйкес келетін немесе сұранысқа ие 5-10 шағын жоба белгіленген.   

Нақты жобаны айқындау кезінде 5-15 адамнан тұратын оқытылатын топ құрылады. Әрекет етуші жобаларды оқыту кестесі мен келу кестесі жасалды. Жобалық оқыту кезінде сонымен қатар практикалық тәжірибе алу, көтерілген мәселелерді түсіндіру мақсатында дайын жүзеге асырылған жобаларға сапар жасалады.

«Бизнес-мектеп» жобасы бойынша оқытудың үшінші кезеңі «Бизнес-өсу» деп аталады. Бұл сату, келіссөздер жүргізу, маркетинг және қаржылық қолдау бойынша қысқа мерзімдік оқыту.

«Бизнес-өсу» жобасы бойынша оқытуды да кәсіпқой бизнес-тренерлер өткізеді. Оқыту курсының ұзақтығы кем дегенде 16 сағатты құрайды. Сабақ практикалық жағдаяттар мен жаттығуларды талқылаумен интерактивтік режимде өтеді.

Бір айта кететіні, «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша оқыту процесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, стандартты құжаттар топтамасы, сонымен бірге бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алуға қажет құжаттар үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновациялар енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сонымен қатар шағын кәсіпкерлік құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.

«Бизнес-мектеп» құрамдасы жобалары бойынша оқытуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері КҚО, КҚКО және Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде береді. Көп өтпей аталмыш жоба бойынша оқытуды қайта жалғастырамыз.

- Өткен жылы бизнесті бейқаржылық қолдау бағыты бойынша қызметті жүзеге асыру аясында Палата қандай нәтижелерге қол жеткізе алды?

- «Бизнес-мектеп» жобасының аясында жалпы алғанда 771 тыңдаушы оқытудан өтіп, оның ішінде 484 бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға тілек білдірді, ал оның ішінде 112 аталмыш қолдауды алып үлгергендер.

Сервистік қолдауды 1200-ден астам бизнес субъектісі алды (бұл жоспарға шаққанда 145,9% құрады). Оларға 1798 қызмет түрі көрсетілді. Аталмыш көрсеткішті 2014 жылғы нәтижелермен салыстырар болсақ, онда сервистік қолдауды пайдаланған клиенттер саны 3,3 есе ұлғайған.

2015 жылғы ақпан айынан бері облыстың барлық аудандарында өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының базасында Кәсіпкерлікті қолдау орталығының әрекет ететіні естеріңізде болар. Олардың мақсаты «бір терезе» қағидаты бойынша ШОБ-ты мемлекеттік дамыту бағдарламаларының шараларын түсіндіру арқылы тегін бейқаржылық қолдау көрсету және кәсіпкерлер мен жеке іс ашқысы келетін тұлғаларға бизнес ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету болып табылады. Мәселен, былтыр кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары және қолдаудың өзге де түрлері бойынша 11724 консультация бердік.

Дәл осы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының консультациялары жеке іс ашуды немесе кеңейтуді жоспарлап жүргендер үшін бастапқы нүкте қызметін атқаратынын ерекше атап өткім келеді.

Осындай орталықтардың қолдауын қолдана отырып 147 клиент кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді, 610 адам «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша оқытылды, 203 клиентке кредит алуда көмек көрсетілді, 3 – «Субсидиялау» бағдарламасы бойынша микрокредит беруге мақұлдау алды.

- Жеке жобасын жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде ісін бастаушы кәсіпкерлердің көптеген түйткілдерге тап болып жататыны ешкімге де құпия емес. Олардың арасында бастапқы капиталдың жетіспеушілігі ғана емес, белгісіздік алдындағы қорқыныш та болады: қолдан келе ме, жоқ па, сондай-ақ қағазбастылық. Бағдарламаларыңыз осындай түйткілдерді шешуге қалай көмектеседі?

- Басын ашып алар болсақ, бұл түйткілдер тәжірибе мен білімнің жеткіліксіздігінен туындайды. Сондықтан да СҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес-тренерлері кәсіпкерлік бастамаға ие халық үшін «Бизнес-кеңесші» тегін екі күндік тренинг-семинарын өткізіп отырады. Ол туралы жоғарыда айтып кеткен болатынмын. Осындай оқыту процесінде тыңдаушылар бизнес-идеяны таңдау құралдарымен, бизнес-жоспар және маркетинг жоспарын дайындау қағидаларымен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен жүргіздің негізгі заңгерлік аспектілерінен хабардар болады, кредит таңдау жайлы шешімдерді саналы түрде қабылдауға үйренеді, яғни бизнестегі алғашқы қадам дегеніміз де осы. Сондай-ақ аталмыш жоба бойынша оқуға 16 жасқа толған кез-келген тілек білдіруші жазыла алады. Одан басқа шектеулер жоқ. Екі күндік оқыту «Бизнес-өсу» жобасы бойынша да өткізіледі. Оқытудың екінші күні аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі. Ал «Жобалық оқыту» дегеніміз – бұл тәлімгерлік қағидаттарымен үш апталық оқыту крусы. Оны аяқтағаннан кейін мұнда да табыспен аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

Осы бағдарламалардың барлығы бойынша оқыту ерекшелігі – білім алушылар тренерден теориялық материалды алып қана қоймай, оқу процесінде әрекет етуші кәсіпкерлер тәжірибесінен мысалдар, бейнематериалдар, тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығулар қолданылады. Палата бизнес-тренерлері материалды тыңдаушыларға аса қолжетімді формада жеткізуге тырысады. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибелерін ынта қоя бөлісіп, табысты кәсіпкерлердің, салалық мамандардың қатысуымен практикалық дағдыларды пысықтайды.

- Мұндай сертификаттың берері бар ма?

- Оқуды аяқтағаны туралы сертификат, мысалы, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша делік, бизнесті ашу немесе кеңейту үшін мемлекеттік қаржылай қолдау алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру бойынша да. Бір айта кететіні, өткен жылы «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқудан өткен бірнеше адам бірден осындай гранттар иегерлері атанған болатын. Бұл Александр Гордеев «Жануарлар тұлыбын даярлау жөніндегі шеберхана ашу» жобасымен (Есіл ауданы), Елена Трошихина «Балықтың бағалы түрлерін қайта жаңғырту және 10 тоннаға дейін тауарлық бахтахты өсіретін цех» жобасымен (Мамлют ауданы), Геннадий Иванов «Күркетауық өсіретін ферма ашу» жобасымен (Мамлют ауданы), Екатерина Онацко «Құрылыс материалдары өндірісі және ландшафтылық дизайн» жобасымен (Қызылжар ауданы), Бақыт Бимурзинов «Сүтт қайта өңдейін шағын цех ашу» жобасымен (Ақжар ауданы).

Осылайша, «Бизнес-Мектеп» - бұл жаңа деңгейге шығу мүмкіндігі: мемлекеттік қаржылай қолдау алу, білім және дағдылар иелену, жаңа клиенттер мен іскер әріптестер табу, мән-жайды өзертіп, шабыттану.

- Бизнестің қандай бағыттары мемлекеттік қолдауға сүйене алады?

- Ісін бастаушы кәсіпкерлер де, әрекет етушілер де. Аудандарда бизнесін жүзеге асыруды жоспарлап жүрген кәсіпкерлер бағыттар шектеуінсіз кез-келген қызмет түрі бойынша мемлекеттік қаржылай қолдауды ала алады. Қалалық бизнесмендер болса – басымдылықты бағыттар бойынша. Олардың тізбесімен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының сайтында танысуға болады немесе СҚО КП және КҚО консультанттарынан сұрастыра аласыз.

Сұхбатыңызға рахмет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер