«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

1200 жаңа жұмыс орны

2016 жылғы 25 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
15921 просмотров

Астықты терең қайта өңдеу жөніндегі зауыт осынша адамның жұмысқа тұруына мүмкіндік береді

Кәсіпорын таяу жылдары  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда салынбақшы

Бұл «Жаннұр-Астана» және «Wuhan Shi Lin Fuxing Technology & Development Co. Ltd» компаниялар тобының 38 млрд. теңге тұратын қазақстандық-қытайлық бірлескен жобасы. Мұндай зауыттың өндірістік қуаты жылына 250 мың тоннаға дейінгі астықты қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Бір айта кететіні, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасындағы зауыт салу жөніндегі келісімшарт өткен жылы жасалып қойған еді.

«2015 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Пекинге жасаған сапары кезінде ынтымақтастық және бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт жасалған болатын. Бүгінде алдын-ала жұмыстар аяқталды, осы компанияның құрылуына кірісіп кеттік. Зауыт жылына 250 мың тонна көлемінде астықты терең қайта өңдеуді шамалайды. Аталмыш жобаны іске асыру есебінен құрылатын жұмыс орындарының саны 1200 адамды құрайды», - дейді «Жаннұр-Астана» КТ инвестициялық жобалар департаментінің директоры Асхат Мұхамедиев.

Ол сонымен бірге бүгінге дейін астық тек ұн болып өңделіп келсе, аталмыш зауыттың ашылуы одан да көп қайта өңделген өнімді өндіруіге мүмкіндік беретінін атады.

«Осы зауыт ашылған соң алға қарай жылжи береміз. Әрине, бұл ең негізгі биржалық тауар – ұлпаның бөлінуі, сосын табиғи крахмал, азық-түлік қоспаларын, биоэтанол алу. Алынған крахмалдан тағы да бірқатар өнімдер ала отырып, оны түрлендіруге болады. Бұл лимон қышқылы, амин қышқылдары және басқалары. Осыдан кейін лимон қышқылының негізінде кір жуатын ұнтақ және жуғыш құралдар өндіруге көшуіміз де әбден мүмкін. Яғни біздің жоспар – бастапқы кезеңде ұсынатын өнімдер желісімен ғана шектеліп қалмай, сұранысқа қарай өндірісімізді одан әрі дамыту», - деп жалғады сөзін Асхат Мұхамедиев.

«Жаннұр-Астана» компаниялар тобы өкілдерінің мұндай ауқымды жоспарына отандарында бидайды қайта өңдеумен көптен бері айналысып жүрген қытайлық әріптестермен ынтымақтастық түрткі болып отырғаны сөзсіз. Бір айта кететіні, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында аталмыш жобаны жүзеге асыруда олар жабдықтарды жеткізуші ролін атқарады, сондай-ақ қызметкерлерді оқытатын болады.

«Өндірісіміз Қытайдағы Хубэй провинциясында орналасқан. Оның астықты терең қайта өңдеудегі ең табысты кәсіпорындардың бірі болып табылатынын атап өту керек. Бұл қазақстандық тараппен әзірше алғашқы бірлескен жоба, және де ынтымақтастығымыздың Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуына оң әсерін тигізеріне сенеміз. Бидайды терең қайта өңдеу саласын көтереміз, сондай-ақ жалпы халықтың тұрмысына пайдалы әсер тигіземіз. Біздегі барлық алдыңғы қатарлы қытайлық технологиялар мен жабдықты Солтүстік Қазақстан облысында енгізгіміз келеді. Зор көлемді ақша сомасын инвестициялауды жоспарлаумен бірге, жабдықтарды сатып алумен, қызметкерлерді оқытумен айналысамыз», - деп атады «Wuhan Shi Lin Fuxing Technology & Development Co. Ltd» компаниялар тобының бас директоры Чжан Ши Гань берген сұхбатында.

«Wuhan Shi Lin Fuxing Technology & Development Co. Ltd» КТ бас директоры аталмыш жобаны жүзеге асыру туралы айта келіп, қазақстандық тарап көрсетіп жатқан көмек үшін ризашылығын білдірді.

«Бізге зор көмек пен қолдау көрсетіп жүрген жергілікті басқару органдарына, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметіне алғысымызды айтамыз. Зауыт құрылысына 50 гектар жер бөлумен бірге мемлекет салықтарды түсіру түріндегі  артықшылықтар ұсынады да, біраз уақыт өткеннен кейін жабдықтар мен зауыт құрылысына шығынның 30%-на кепілдік береді, сонымен қатар сол жабдықты сатып алуға кедендік бажды төлеуден босатады және т.б.», - деп түйіндеді Чжан Ши Гань.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер