«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдер, бірігіңдер!

2016 жылғы 14 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
16755 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған  Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері әйелдерді Ашық есік күніне шақырады. Аталмыш іс‑шара үстіміздегі жылдан бастап тоқсанына бір рет тұрақты түрде өткізіліп тұрмақшы. Әрекет етіп жүрген бизнес‑ханымдар да, жеке іс ашуды жоспарлап жүргендер де олардан кеңес немесе консультация сұрап бара алады.

Кеңес – бұл іскер ортаға әйелдердің қатысуын ұлғайту үшін кәсіпкер әйелдердің белсенділігін көтеру және күштерін шоғырландыру мақсатында құрылған бірлестік екенін еске саламыз. Өңірімізде кеңес 2015 жылғы 17 сәуірден бері әрекет етіп келеді.

Кеңестің негізгі мақсаттары ісін бастаушы әйелдерге бизнес‑жобаларын даярлауда және іске асыруда практикалық көмек көрсету, сонымен қатар Қазақстанның «іскер, әлеуметтік белсенді әйелдері» мәртебесін көтеру болып табылады.

СҚО КП кәсіпкер әйелдері бірлестігі өңір ерекшелігін ескере отырып оқыту тренингтерін, семинарлар ұйымдастыру, келешегі бар бизнес‑идеяларды, жобаларды қолдау, республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі жайлы ақпараттық‑ағарту қызметін ұйымдастыру, ісін бастаушы кәсіпкер әйелдерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық жәрдем көрсету, іскер әйелдердің экономикалық құзыреттілігін көтеру және олардың арасындағы іскерлік байланыстарды жақсарту, кәсіпорынның экономикалық дамуының ең тиімді тәсілдері бойынша кәсіпқой кәсіпкер әйелдердің тәжірибе бөлісуі, қазақстандық және шетелдік кәсіпкер әйелдер арасында сындарлы сұхбат орнату және т.б. сияқты бағыттарда жүзеге асырады.

Бүгінгі күні «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ СҚОФ директоры, облыстық мәслихат депутаты Райхан Әбдірахманова басқарып отырған СҚО КП Іскер әйелдер кеңесі белсенді 26 жанның басын біріктіріп отыр. Олардың арасында облыстың барлық аудандарындағы кәсіпкер әйелдер де бар.

Биылғы жылғы алғашқы Кеңес отырысында оның 2015 жылғы қызметіне қорытынды жасалып, үстіміздегі жылға деген жұмыстар жоспары белгіленді, сонымен қатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сөйтіп, өткен жылы іскер әйелдер Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен бірге СҚО Кәсіпкер әйелдер тізілімі мен Экспортшы әйелдер тізілімін қалыптастыру және белсенді бизнес‑ханымдарды анықтау жөніндегі жұмысты бастаған болатын. Бүгінгі күнде жоғарыда аталған бірінші тізілімге әйелдер басқаратын 1300 бизнес субъектісі енгізіліп отыр. Екіншісіне өңірде бидай, ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер, ірімшік, малдан алынатын қосалқы өнімдер, мал азығы және өзге де өнімдерді экспорттаумен айналысатын 10 бизнесвумен кірді.

«2015 жыл ішінде кәсіпкерлік субъектілерінен 5,1 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Өтініштердің 24 %‑ы құқықтық мәселелерге қатысты болды, ал 61 % - мемлекеттік қолдау шаралары. Ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық жәрдем көрсету бизнесті жүргізуді сервистік қолдау аясында жүзеге асырылды. Қызметтер 337 кәсіпкер әйелге көрсетілді, сонымен бірге ісін бастаушыларға да. Бұл қызмет сұрап жүгінгендердің жалпы санынан 27 % құрады», - деп атады СҚО КП Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы Ольга Цымбалюк.

Ол сонымен бірге 42 бизнес субъектісі қатысқан, Халық банк өткізетін «Кәсіпкер күні», «Бизнес ашатын уақыт» акциясы (оған 120 әлеуетті кәсіпкер қатысты) аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультация беру жүзеге асырылып жүргенін атады. Дербес консультациялар алуға 770 адам жүгінген. Сонымен қатар, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары 6,5 мың адамға 12,8 мыңнан астам консультация берген, оның ішінде 40%‑ды әрекет етуші және әлеуетті бизнес-ханымдар құрайды.

Кеңес отырысында сонымен қатар кәсіпкер әйелдердің өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Агробизнес 2020» өңдеу өнеркәсібін қолдау және басқалары сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін қаржылай қолдауды пайдалана алғандарына қарамастан, бұл қатысудың жалпы көлемнен 10 пайыздан да аспайтыны аталды. Бұл дегеніміз, СҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің биылғы жылда атқарар жұмысының жеткілікті екенін білдіреді.

Осыған орай мүшелердің көпшілігі тоқсанына бір рет Ашық есік күнін, түрлі тақырыптық семинарлар, азаматтарды қабылдау, көшпелі отырыстар және жалпы халықтың, әсіресе ауылдық жерде, Кеңес қызметі жайлы ақпарттануын көтеру  шараларын өткізу жолымен іскер әйелдер бірлестіктері жұмысын белсендіру қажеттігі туралы пікір білдірді.

Құрметты әйелдер! Егер жеке бизнес ашуды жоспарлап жүрсеңіздер, бірақ неден бастауды білмесеңіздер немесе консультациялық көмек не тәжірибелі маман кеңесі керек болса, не болмаса қажет құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерге ұшырасып қалсаңыздар және тағы сол сияқты мәселелер туындағанда СҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінен көмек сұрай аласыздар. Мұнда сізге құлақ асып, қолдап қана қоймай, түйткіліңізді шешуге міндетті түрде көмектеседі. Бұл жолда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мүмкіндіктері де пайдаланылады.

Қажет болған жағдайда СҚО КП Іскер әйелдер кеңесі мүшелеріне немесе Кеңес хатшысы Ольга Цымбалюкке мына телефонға хабарласуыңызға болады.: 8 (7152) 50-35-87, e-mail: o.tsymbalyuk@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер