«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дәмді әрі арзан

2015 жылғы 23 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
13310 просмотров

Желтоқсан айында Айыртау ауданы орталығында тағы бір дәмхана ашылды

Жергілікті Кәсіпкерлікті қолдау орталығы консультанттарының ат салысуымен ашылған жаңа «Дәмді» атты мекеме бұрыннан келе жатқан қоғамдық тамақтану орындарына бәсекелес болары сөзсіз, деп есептейді бизнесвумен Дина Аяпбергенова. Себебі дұрыс бәсекелестік дегеніміз – бұл тұтынушыға, демек әрқайсымызға қатысты қалыпты нарықтық экономика шарттарының бірі.

«Мен дайын нәрсенің аспаннан түсе қалғанын күтіп отыруға үйренгендер қатарынан емеспін, қашан да өз күшім мен мүмкіндіктеріме ғана сенемін. Сондықтан да өткен жылы сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығына кредит ала отырып, бірден өнімімді одан әрі өткізу жайын ойластыра бастадым. Сондықтан да Айыртау ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгініп, ол жерден консультация алғанн кейін қоғамдық тамақтану орнын ашу идеясы келе қалды», - дейді бизнесвумен.

Балаларының қолдауына сүйенген кәсіпкер тағы бір жеке іс ашуға бел буады. Оның қожайыны келіні Жадыра Сайлаубекқызы болады. КҚО консультанттары Жадыраға ЖК ашуға, кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқа мерзімдік курстан өтуге және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кредит алу үшін құжаттар топтамасын жинауға көмектесті.

«Бұдан былай біз өсіретін ауылшаруашылық өнімі қайта өңделіп, дәмханамыз арқылы өткізілетін болады. Одан артық не керек? Экологиялық таза ет, көкөністер мен сүт өнімдері тағамдар әзірлеуде пайдаланылады», - деп жалғады сөзін Дина Аяпбергенова.

«Дәмді» дәмханасындағы астың, шынымен де, дәмді әрі арзан боларына СҚО КП жергілікті филиалының директоры Данияр Қалымов та сенімді:

«Айыртаулықтар онда әзірленген таңғы және түскі астар дәміне жақсы баға береді деген ойдамын. Себебі барлық өнімдер осы жерде өсірілген, демек олар зиянды ГМА мен консерванттарсыз жасалады».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер