«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматылық сәулетшілер бизнеске кедергі жасауда

2015 жылғы 16 Қазан
- Алматы қаласы
11375 просмотров

Жергілікті билік көп пәтерлі үйлердің бірінші қабаттарында жеке кіре-беріс тобын салуға үзілді-кесілді қарсы

«Әкімдік Құрылыс нормалары мен қағидаларына (ҚНҚ) өзгертулер енгізуге қарсы шығуда. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауға жіберген сәйкес сұрауларға аталмыш тыйымдарды енгізу мақсатты түрде жасалып отырғанын және халықтың мүддесіне жауап береді деген жауап келді», - деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастығы Бекежан Күнтаев ірі панельді үйлердегі қайта жоспарлау түйткілдерін талқылау бойынша қоғамдық тыңдауларда. Оның ойынша, аталмыш дерек сыбайлас жемқорлыққа сылтау болып табылады.

«Адамдар қалай да келісіп, бизнестері үшін жеке кіре-беріс салуды жалғастырып жатқанға ұқсайды. Неге бұл процесті заңнамалық деңгейде ресімдемеске?», - деп сауал қояды ӨКП өкілі. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов бизнесті қорғап сөз алды. Ол шикізаттық емес Алматы экономикасының ең алдымен сауда мен қызметтерге негізделгенін еске салды. “Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан орын алған дәл осы микробизнес қала экономикасының 60%-н құрайды. Бізде газ, мұнай, алтын кен орны жоқ, дей тұрғанмен, салық аударымдарының 27 %-ы республикалық бюджетке Алматыдан түседі. Мемлекеттік органдардың міндеті – бизнесті дамытуға септесу, онда ымыраға келейік. Мұның салмақ түсетін тұс екенін түсінеміз, және де оны өзгертуге болмайды, бірақ конструкцияның сейсмологиялық нығайтылуы бойынша өзге де шешімдер жоқ емес”, - деп түсіндірді Юрий Тілеумұратов.

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілі өз кезегінде қайта жоспарлауға тек жекелеген ірі панельді үйлер топтамасында ғана тыйым салынғанын хабарлады.

«Барлық үйлерде тыйым салынбайды. Ішкі қайта жоспарлауға жол беріледі, қалғаны салмақ түсетін қабырға боп есептеледі. Кірпіш және каркас үйлердегі кіре-беріс топтарын орналастыруға және салуға рұқсат беріледі. 60, 80 жылдардағы үйлердің төлқұжаттары да, орындау түсірілімі де, басқа да құжаттары жоқ. Үй типін, модификациясын анықтау үшін, үйді толық зерттеу қажет болады. Ал ондай үйлер мегаполисте он мыңдап саналады. Бірқатар жағдайларда үйлер топтамасын сәйкестендіру құжаттар жоғалғандықтан қиындық туындатады”, - деп түсіндірді ол.

Алматы ӨКП басшысы іс-шара қорытындысын түйіндей келе, әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімге аталмыш мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. МСҚБ және сәулет басқармаларының атына кәсіпкерлерден мемлекеттік мекеменің ресми сайтына кіре-беріс тобын салуға жол берілетін үйлер типтері мен топтамасы жайлы ақпарат салынсын деген ұсыныс келіп түсті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер