«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бөдене жұмыртқасы бизнесі

2015 жылғы 01 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
27540 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының жас кәсіпкері жеке қаражатынан бір тиын салмастан, жеке ісін бастады.

Қазір кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін адамдар үшін Үкімет бизнесті қолдаудың ыңғайлы да жағымды бағдарламаларын дайындады. Оған бастапқы шығын жұмсамастан табысты бизнес құрудың бірнеше мысалы куә бола алады. Және де бүгін бұл кәсіпкерлер өздерінің практикалық тәжірибесімен қуана-қуана бөліседі. Оған «palata.kz»-ке Айыртау ауданы Антоновка ауылының 28 жастағы тұрғыны, жеке ісін ашуға 1,5 млн теңге мөлшерінде грант ұтып алған Алексей Косаревтың сұхбаты жақсы мысал болады.

Алексейдің айтуынша, «Мемлекеттік грант» байқауының басталғаны жайлы ол Айыртау ауданы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанттарынан естіген.

Ол ойланбастан, байқауға қатысуға өтінім беріп, бөдене өсіру және бөдене жұмыртқасын сату бойынша жеке бизнесін ашу үшін 1 500 000 теңге сомасындағы мемлекеттік грант иегері атанды. Бір айта кететіні, болашақ кәсіпкер мұндай қызмет түрін кездейсоқ таңдаған жоқ. 

«Бөдене өсіру бизнесінің басымдылығы толып жатыр. Біріншіден, ол жоғары тиімділікке ие және жылдам өтеледі. Мәселен, 500 бас ұстайтын ферма екі ай ішінде өтелуге қабілетті. Екіншіден, бөдене өсіру технологиясы да біршама жеңіл болып саналады. Демек тұтас бір ферманы екі адам ұстап тұра алады деген сөз. Үшіншіден, бөдене 30-40 күн ішінде өнім беретін жасқа жетеді және бір жыл ішінде 280-нен астам жұмыртқа береді. Сондықтан да бұл істе бастысы – өнімді өткізуді жөнге салу», - дейді Алексей. 

Бір айта кететіні, бұл жерде оған КҚО консультанттары оқуға жөн сілтеген тегін, екі күндік «Іскерлік байланыстар» оқыту жобасына қатысқаны да көмектесті. Астанада өткен аталмыш жоба бойынша оқытуды Германия және АҚШ сияқты шетелдік мемлекеттерден келген тәжірибелі өкілдер өткізгенін еске саламыз.

Алексей осы тренингтерде шетелдік бизнесмендердің кәсіпкерлік қызметті жүргізу тәжірибесін ала отырып, жеке бизнесті дамытуға пайдалы да қызықты көптеген дүниелер жайлы білді, және де осы жобаға қатысқан басқа да кәсіпкерлермен танысты. Астана қаласының супермаркеттерінде бөдене жұмыртқаларын сатуда ынтымақтасуға дайын серістесті де осылардың арасынан тапқан еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер