«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инновациялық грант қажет пе?

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
16350 просмотров

Солтүстік-қазақстандық кәсіпкерлерге Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің гранттарын алу жолдары жайлы айтылды.

СҚО Кәсіпкерлер палатасында Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттің (ТДҰА) өкілдері кәсіпкерлерге инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар берді.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бүгінгі таңда «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ жүз пайыздық еншілес компаниясы бола отырып, гранттар түрінде инновациялық жобаларға қаржылай көмек көрсетеді. Грант – бұл кредит емес, кәсіпорын тәуекелдерін барынша азайту жөнінен кепілдіксіз және қайтарылмайтын қолдау жүйесі», - деді «ТДҰА» АҚ сарапшысы Ринат Қабылбеков.

Бір айта кететіні, инновациялық грантты 16 басымдылықты бағыт бойынша алуға болады. Бұл тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивті технологиялар, минералды және көмірсутекті шикізатты іздеу, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеудің прогрессивті технологиялары, жаңа материалдарды пайдалануды қосқандағы машина жасаудағы прогрессивті технологиялар, агроөнеркәсіп кешеніндегі прогрессивті технологиялар. Бұл сонымен қатар баламалы энергетика және энергия тиімділігі технологиялары, инфокоммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, химия және мұнай химиясының, энергия тиімділігі технологиясының прогрессивті технологиялары, жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивті технологиялар, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар, жаңа материалдарды пайдалануды қосқанда құрылыстағы прогрессивті технологиялар, орама өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар, роботты техника, нано және ғарыш технологиялары, энергетика.

Қарізде ТДҰА 8 түр бойынша гранттар ұсынады, соның ішінде технологияларды коммерцияландыруға - 25 млн. теңгеге дейін, шетелдік патенттеу - 6,25 млн. теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізу - 30 млн. теңгеге дейін. Сонымен қатар шетелде инженерлік-техникалық жұмысшылар біліктілігін көтеруге 2 млн теңгеге дейін грант бөлінеді, шетелдік жоғары білікті мамандарды тартуға - 9 млн. теңгеге дейін, консалтингілік, жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тарту - 30 млн. теңгеге дейін. Қаражат басқару және өндірістік технологияларды тартуға да енгізілетін болады - 15 млн. теңгеге дейін, технологияларды сатып алу - 150 млн. теңгеге дейін, жоғары технологиялы өнім өндіру бойынша стартап жасау - 50 млн. теңгеге дейін.

«Гранттардың барлық түрлері негізінде кәсіпорындарға да, ғалымдарға да, сонымен қатар, олардың ойынша, бастапқы кезеңде Қазақстанда сұралатын қандай да бір ноу-хау зерттемені енгізуге дайын стартаперлерге есептелген. Мұндай жобаларды қолдауға әрқашан да дайынбыз», - деді «ТДҰА» АҚ сарапшысы.

Агенттік сонымен бірге жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі стартапты құруға қажет шығынның 70%-ын өзіне алады, алайда олар 50 млн теңгеден аспауға тиіс.

Кәсіпкерлер инновациялық гранттарды ұсыну шарттары, өтінімдерді қарау процедурасы, сондай-ақ өтінімдерді гранттардың бірнеше түріне беру мүмкіндігі жайлы сұрастырды.

«ТДҰА» АҚ сарапшысы Ербол Жұмағұлов түсіндіріп өткендей,  өтінімдерді қарау проедурасының ұзақ уақыт алатын процесс болуына орай кәсіпкерлер өтінімдерді бірден гранттардың бірнеше түрлеріне бере алады.

Инновациялық жобаларды жүзеге асырғысы келетін, бірақ оған мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер семинар соңында жеке консультацияда біршама егжей-тегжейлі ақпарат ала алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер